Жемқорлыққа жол жоқ
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыс-тары қызметінде "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған "Нұр Отан" ҚОФ өкілдері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті, ОІІД және ТЖД қызметкерлері қатысты.
Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы міндетін атқарушы Д.Полончук: "Елбасының "Қазақстан жолы–2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауында: "Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс" делінген. Сондықтан құқық қорғау органы қызметкерлері заңды бұзбай, қызметтік, әскери және еңбек тәртібін сақтауы тиіс, деді.
Шараға қатысушылар жалпы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығы, жалпы өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына тоқталды. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық кез келген қоғам үшін түйінді мәселе екендігіне мән берді. Әлемнің барлық мемлекеттеріне, оның ішінде экономикасы дамыған және бұрыннан келе жатқан демократиялық дәстүр-лері сақталған мемлекеттер үшін де жат емес. Сондықтан сыбайлас жемқорлық сипаттағы көріністерге жол бермеу – ел саясатының басым бағыты. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ, жалпы қылмыстармен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекет билігі үшін басты мақсаттардың бірі, дейді ұйымдастырушылар.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің кадр бөлімі.