Электрші Бауыржан
Ерінбей еңбек еткен ғана абыройға бөленеді. Осындай ұстанымды өзінің бойына серік еткен Бауыржан Сәрсенбаев жұмыспен қамту бағдарламасының игілігін көріп жатқан жанның бірі.
2008 жылға дейін темір жол саласында тәп-тәуір еңбек етіп келген ол жол апатынан мүгедек болып қалды. Көп уақыт емделіп, жүріп, өздігінен жүре алатын дәрежеге жетті. Алайда бұрынғыдай денсаулықтың болмауынан оны еш жер жұмысқа алмады. Мүгедектігіне алатын азғантай жәрдемақысы тамаққа, киімге, дәрі-дәрмек, үйдің коммуналдық қызметтеріне әрең жететін. – Елбасының Жолдауын тыңдап отырып, онда мүмкін-дігі шектеулі жандарға мол мүмкіндік қарастырылып жатқанын естідім. Сөйтіп жұмыспен қамту орталығына жұмыс істеуге ниетті екенімді білдір-дім. Олар маған Қостанай қаласына электрші мамандығы бойынша біліктілігімді арттыруға жіберді. Қазір құрылыс жұмысында барлық электр тоқтарын жалғау, тарту жұмыстарын жүргізіп жатқан жайым бар. Ұжыммен уақытта тез өтеді, – дейді Бауыржан.
Шұға Қоңқабай