Жұмыс істеуге әркім де ниетті

Лисаков қаласында наурыз айында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл жаңалықты естігенде Айсұлу Черткова жәрмеңкеге жеткенше тағат таппаған. Өйткені, еңбек еткісі келетін ол екі қолға бір кәсіп тапқанша асық
SAM_1862
 – Жәрмеңкеге жұмыс іздеп келдім. Байқауымша, көптеген кәсіпорындар өз қызметтерін ұсынуда. Енді соның ішінен ары-бері жүріп тұруыма ыңғайлысын таңдадым. Бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшілікті қаладым. Мұндай мүмкіндікті дені сау адамның өзі екі қолға бір күрек таба алмай жүргенде, бұл мүмкіндігі шектеулі жандар үшін таптырмас көмек болды, – дейді. Қазір оның міндетіме 7 мүм-кіндігі шектеулі жан бекітілген. Оның екеуінің көзі жанары көр-мейді, ал қалғандары өздігінен жүре алмайды. Оларды күніне аралап, далаға шығарады, аурухана ертіп апарады. Күнделікті қажетті азық-түліктерін, құжаттарын рәсімдейді, дәрі-дәрмектерін сатып алып береді. Айсұлуға 2013 жылдың қаңтар айында ота жасапты. Оған дейін ол қаладағы кондитер цехында кондитер болып жұмыс істеген. Денсаулығына байланысты бір жылдай үйде жұмыссыз отырыпты. Қазір жұмысқа тұру оңай емес. Бірақ мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау бізге ерекше серпін берді: – Қазір мемлекет мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсетуде. "Нұр Отан" партиясы да біздің мүддемізге қатысты көптеген шараларды қолға алып жатыр. Біз оған қуаныштымыз. Жұмысым ауыр емес. Қаланың шетінде орналасқан Октябрь кентінен автобуспен қатынап істеймін. Айсұлудың өзі де үшінші топтағы мүгедек. Алайда қамкөңіл жандардан сауап алудың өзі бір бақыт дейді кейіпкеріміз бізбен әңгімесінде.
Шұға Қоңқабай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓