Мүгедектер туралы Конвенция ратификацияланды

Қостанайлық ҮЕҰ-дың өкілдері Мемлекет басшысының "Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы" ҚР заңына қол қойғанына қуанышты екендерін жеткізді. Себебі, аталған заң мүгедектердің құқықтарының қорғалуын нығайта түспек.инвалиды 1
2006 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы "Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция" және оның хаттамасын қабылдаған болатын. Сол уақыттан бері елдегі ҰЕҰ-дар Конвенцияны Қазақстанның ратификация-   лауына үн қосып келді. 2008 жылы ел үкіметі аталған құжатқа қол қойды. Ал биыл Конвенцияны алдымен ҚР Парламентінің Мәжілісі, кейін Сенат мақұлдады. Сондай-ақ, 2015 жылдың 20 ақпанында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев "Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы" ҚР-ның заңына қол қойды.
Бүгінде республика бойынша 607 мың мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Шамамен алғанда, елдегі әрбір 28 адам мүгедек. Олардың құқықтары мен бостандықтары "ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заңында көрсе-тілген. Аталған заңды құжат 2005 жылы сәуір айында қабылдан-ған. Алайда, қолданыстағы заңның талаптары кейде орындала бермейді. Жуырда ғана Елбасы қол қойған Конвенция мүгедектердің құқығын қорғауды күшейте түспек.
– Бұл заң мүгедектерге басқа азаматтармен теңдей мүмкіндіктер жасауын қамтамасыз етеді.                 Конвенцияны ратификациялау мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен олардың отбасына конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда қосымша кепілдіктер бермек, – дейді "Радуга" ҚБ төр-айымы Наталья Колоскова.
 
Қымбат  ДОСЖАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓