“Жұмысым өзіме ұнайды”

Лисаков қаласында үшінші топтағы мүгедек Андрей Соловьенко "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында Рауан радиосына дыбыс режиссері болып жұмысқа тұрды.
SAM_1841
Ол көптен бері тұрақты жұмысқа тұра алмай қиналып жүрген еді. Қазір елімізде іске асырылып жатқан бұл бағдарламаның мүмкіндігі шектеулі жандарға пайдасы зор екенін айтады: – Біз сияқты жандарды кез-келген жер жұмысқа қабылдай бермейді. Өзім Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің бағдарламашы мамандығы бойынша оқу бітірдім. Жыл басында жұмыс іздеп еңбек биржасына тіркелген болатынмын. Кейін мені радиода жұмыс істеуге шақырды. Мына жұмысқа тез үйреніп кеттім. Осында компьютерден дыбысты тазалаймын, эфирге бағдарламаларды дайындаймын. Жұмысым өзіме ұнайды,– дейді А.Соловьенко.
Шұға Қоңқабай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓