Ардагерлер бас қосты

Безимени-1Биылғы жылдың шілде-тамыз айларында Қостанай, Рудный, Лисаков қалаларында және Алтынсарин, Қостанай, Қарасу, Сарыкөл, Таран аудандарында   бастауыш ардагерлер ұйымдарының семинар-жиналыстары өтті.
Семинар жұмыстарына аудан әкімдері Б.Өтеулин, А.Шәмшиев, Э.Күзенбаев, Т.Исабаев, Б.Ахметов, Рудный қаласы әкімнің орынбасары Е.Скаредина және әлеуметтік қорғау, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты. Қала және аудан басшылары елді-мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, ардагерлердің сұрақтарына жауап берді. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин Жеңістің  70 жылдығына дайындық туралы баяндама жасады. Аталмыш ұйымның жауапты хатшысы Төлеген Шоланов ардагерлер кеңесінің құрылтай құжаттары туралы айтып берді. Семинардың қатысушылары ардагерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту туралы ұсыныстарын ортаға салды.
ұйымдарының төрағаларына ардагерлер ұйымдарына арналған методикалық, әдістемелік кітапшалар тапсырылды. Мұндай семинар облысымыздың сегіз аймағында өтті. Аталмыш шара өзге аудандарда  жалғасын таппақ.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
Қарасу ауданы.
Суретте: Семинар-кеңеске қатысқан ардагерлердің бір тобы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓