Аружанға қол ұшын созыңыз

Федоров ауданының кішкентай тұрғыны Аружан Нұржанова небары үш жаста. Бірақ бейнет жас таңдаған ба: осы жылдың қыркүйек айында ақ халаттылар сәбиге жантүршігерлік диагноз қойды – сүйек обыры (рак). Шипадан үмітті ата-ана қайырымды жандардан көмек сұрайды. аруна4 қыркүйек Аружанның әкесі Жанат Нұржановтың әлі есінде. Қызы аяғының ауыратынын айтып жылаған соң ауруханаға жүгінеді. Мамандар баланың аяғын рентгенге түсірген. Ақ халаттылардың жазып берген жөнелтпе хатымен отбасы Қостанай облыстық ауруханасына келіпті. Ал ондағылар Аружанды Астанадағы ана және бала орталығына апаруға кеңес берген.Аружан
"Ол жерде биопсия (ұлпа кесіндісін зерттеу. – авт.) жасады. Көп кешіктірмей қызымыздың қатерлі ауруға шалдыққанын естіртті: саркома, яғни сүйек обырының 3-сатысы. Ол бүгінге дейін химия терапиясының 4 курсынан өтті, таяуда тағы екі рет қайталауы тиіс. Дәрігерлер бізге оның аяғын кесіп тастау керектігін жеткізді. Бұдан басқа ешқандай жағымды жорамал жасамады. Дегенмен, Германияда эндопротездеу көмегімен қызымыздың аяғын сақтап қалуға мүмкіндік бар. Германиялық клиника бізді қабылдауға да дайын. Тек 95 мың еуро қаржы қажет. Өтінеріміз, қызымызды құтқарып қалуға көмектессеңіздер екен! Бізге әр күн, әр сағат, әр минут бағалы!", – деді қиналысын жасыра алмаған әке.
Аружанның тағдыры қыл ұшында тұр. Көмек шұғыл қажет!
 
Реквизиттер:
Халық банкі 4402573577893789
Қазком 5578342719801562
Киви-әмиян 7773768235
Киви-әмиян 9193379921
МТС 9193379921
Мегафон 9226340699
Теле2 9000992844
Билайн 9630810533
Жанат Нұржановтың ұялы телефонының нөмірі: 8-777-376-82-35. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓