“Балалар – біздің болашағымыз!”
Асыға күткен жаз айының ал-ғашқы аптасында Әулиекөл ау-даны Тимофеев орта мектебінде оқушылардың жазғы сауықтыру лагері салтанатты түрде ашылды.
Осы күні балаларға арналып мерекелік концерт пен түрлі сайыстар ұйымдастырылды, бүлдіршіндерге қуанышты көңіл-күй сыйлады. Мектеп оқушылары сахна жұлдыздарына айналып, ән шырқап, би биледі. Ән әлемін, би мен сатира жанр-ларын да игерген бүлдіршіндер өнерден құр алақан емес екен. Жазғы демалысты бос өткізбей, ертеңгі күн үшін пайдалы іс атқаруды өздеріне жөн санайтынын көрсетті. Бізді әдемі қоңыр сазды дауысымен "Мамочка моя" әнін орындаған 4 "Б" сынып оқушысы Д. Құсаинова таң қалдырды, сондай-ақ "Детство" әнін орындаған мектеп оқушыларының хоры да ерекше көзге түсті. Көрермен көзайымына айналған өнерлі 3 "А" сынып оқушысы З. Каткенова шығыс халқының биін асқан сүйкімділігі мен назды жүзінен шуақ шашып мың бұрала орындап берді. Ал, шағын орта мен мектеп алды даярлық топтарының оқушылары өз билерімен жұртшылықты таң қалдырды. Іс-шараға ат салысып, белсенділік танытқан балалар тәтті сыйлықтар және түрлі ойыншықтар, естелік сыйлықтармен марапатталып, әр бала сияпатқа ие болды. Балаларымызға осындай қуаныш сыйлаған мектеп директоры М.Иванюкқа, қол ұшын берген ауыл қолдаушылары К.Ахметовке, Б.Сугралинге, Н.Кухалевичке, Д.Идрисовқа, И. Бойкоға шексіз алғысымызды білдіреміз. Мерекелік іс-шара соңы "Балалар – біздің болашағымыз!" атты тақырыпта асфальтта сурет салу байқауымен аяқталды.
Г. БАЙМУХАНОВА,
мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары.