Мамандығым – елімнің болашағы
Біз – қазақ деген мал баққан елміз. Ата-бабамыз төрт түлікке жайлы жер іздеумен қыс қыстауда, жаз жайлауда болған. Бүгінде үлкен ғылымға айналып, халыққа тиіміділігін көрсетіп, сұраныста жүрген мамндықтың бірі – мал дәрігерлігі. Ал, ауыл балалары сол төрт түліктің қыр-сырын жазбай біледі. Икемдері де келісті.
Шалғай жатқан аудандардан келіп, білім алып жүрген студенттер көп. Соның ішінде біз қозғап отырған, сұранысқа ие, алайда, көпшілік таңдай қоймайтын мамандықта оқып жүрген ҚМУ студенті Марат Қабденов өз болашақ кәсібіне мақтанышпен қарайды. Сұхбат беріп, мамандығы жайлы ой бөлісті.
-Марат, осы мамандықты таңдауыңа не себеп болды?
-Ауыл балаларына таныс жағдай. Таңның атысымен қой-ешкі, сиырларымызды өріске жіберіп, кешке келгенде күтіп алып, келмегендерін іздеп, көрші үйдің қорасын жағалап келеміз. Сөйтіп жүріп ер жеттік. Күнде көретініміз сол болғандықтан, олардың да мінездерін, сырқаттарын бірден байқаймыз. Ата-анам да білгендерін үйретіп жүрді.
Отбасыммен ақылдаса келе осы мамандықты таңдадым. Себебі, мен тұратын Аманкелді ауданында да мал ұстайтын тұрғындар көп. Және ол жақта осы салаға да көп көңіл бөледі. Болашақта жұмыссыз қалмасыма да сенемін. Үлкен лаборатория да салынуда. Игеріп кетуіме де жеңіл болды. Кішкентайымнан көріп өскен нәрсе ғой.
-Ғылыми тұрғыда зерттеулер жасап, ауылдағы көргендеріңнен басқа ерекше дүниелер болды ма?
-Иә, болды. Үй жануарларынан басқа, дала хайуандарын да көрдім. Оларға түрлі эксперименттер жасап, тәжірибе жасаймыз. Таң қаларлығы, өздерінің генетикалық бұзылуларынан екі басты бұзау, көп аяқты торайлар да дүниеге келеді екен. Алайда, олар ұзақ өмір сүре алмайды. Бар болғаны 15-20 минут қана. Солардың біздің университетте арнайы майлармен қатырылған экспонаттары бар.
Мысық, күшік, көгершіндер сияқты жараланған жануарларды кейде емдеп жазған кездерім де болды. Ауылда болған үш ай демалыста, жарамсыз болып дүниеге келген бұзауымды емдеп шықтым. Ата-анам риза болып, білімімді жоғары бағалады. -Марат, қазірден бастаған жетістіктерің қуантып отыр мені. Болашақта қандай мақсаттарың бар?
-Биыл үшінші курста оқимын. Енді екі жылдан кейін қолыма дипломымды аламын. Алған білімімді ауылға барып көрсеткім келеді. Адамзаттың денсаулығы бірінші орында, сонымен қатар өмір сүрудің нормасын ұстап отырған жануарлар әлемі де маңызды құбылыс. Сол себепті, олардың түрлі аурулар жұқтырып алмас үшін білікті мамандар қараған жөн. Сондай маманның бірі болғым келеді. Ауылға барып, туған жерімнің көркеюіне өз үлесімді қосқым келеді. Мамандығым -мақтанышым. Мал дәрігерлері сұранысқа ие болғандықтан, болашақ кәсібін таңдап жүрген замандастарыма ұсынарым осы. Елім маған емес, мен еліме не беремін деген қағиданы ұстанған жөн.

-Марат, сұхбатыңа рахмет. Алар асуың көп болсын.
Әңгімелескен Кенже ҚОНЫСБАЙ