Кәсіподақ қозғаушы күш болуы тиіс…

Облыс орталығында игі істердің бастамашысы болып жүрген мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағы қоғамдық ұйымының Қостанай облыстық филиалының төрайымы Р.Гайсенова және  облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл департаментінің бөлім басшысы Ә.Досекенов арнайы іс – сапармен аудан орталығына келіп, тағылымды тарихы бар мұражайларды аралады. Сонымен қатар “Балдырған” балабақшасының тыныс – тыныс тіршілігімен танысып, бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалап, сый – сияпат жасады.

IMG_0117

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арнап дайындаған аудандық кітапхана ұжымының көрінісі мәртебелі меймандарды тәнті етті. Сондай – ақ, “Мәңгілік елдің ұлы тарихы” атты кітап көрмесінің лентасын қию Римма Ғабдолқызының еншісіне бұйырды.
Игілікті іс – шаралардан кейін  Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде өткен аймақтық  кеңес жиынын аудан әкімінің орынбасары Т.Әубәкіров жүргізіп отырды. Жиынға Арқалық қаласынан және Амангелді ауданының делегаттары мен кәсіподақ ұйымының белсенді мүшелері қатысты.

IMG_0079

Алғашқы болып сөз алған  Римма Ғабдолқызы аталмыш қоғамдық ұйымның алдағы мақсаты мен міндеттеріне кеңінен тоқталып, әлі де болса кемшілік тұстары бар екендігін жасырған жоқ. Кеткен кемшіліктерді қайта қалыпқа келтіру үшін қоян – қолтық бірлесе отырып, жұмыс жасасақ биік белестерді бағындыруға болатындығын тілге тиек етті.
Облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл департаментінің бөлім басшысы Әсет Мұратұлы мемлекеттік қызметкерлерінің міндеттері мен қағидаттарына тоқталып, заңдылықтарын  жан – жақты түсіндірді. Оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күресу баршамыздың міндетіміз екендігін өз сөзінде арқау етті.
Арқалық қалалық және Амангелді мен Жангелді аудандық кәсіподақ ұйымының төрағалары мен төрайымдары атқарылған алда атқарылатын жұмыстары жөнінде баяндады.
Жиын соңында Римма Ғайсенова мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының орталық комитетінің атынан аудан әкімі Асқарбек Кенжеғаринге “Еңбек Ардагері” төсбелгісін салтанатты түрде табыс етті.

IMG_0218

Аталмыш орталық комитетінің грамоталарымен Арқалық қаласының, Амангелді, Жангелді аудандарындағы кәсіподақ ұйымының белсенді мүшелері марапатталды. Оның ішінде жерлестеріміз аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Ғабсалықұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Алма Сапарқызы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Әсел Мұратқызы бар. Ал мелекеттік банк мекемелерінің және қоғамдық қызмет көрсетушілерінің салалық кәсіподағының облыстық комитетінің грамоталарын аудан әкімінің орынбасары Дінмұханбет Серікұлына, Жаркөл ауылдық округінің бас маманы Ахметқали Қарпықұлына, Ақшығанық ауылдық округінің бас маманы Күлбаршын Ибрахимқызына, Аралбай ауылының бас маманы Сайлаубек Мырзағалиұлына табыстады.
Алдағы уақытта кәсіподақ ұйымының жоспарлы жұмыстары жүйелі түрде өз жалғасын таппақ.
                                                    
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
                                                            Жанкелдин ауданы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓