Жайлаубай жамағатымен жүздесу
Қостанай қалалық Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен Жайлаубай мешітінде Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауын түсіндіру үшін мұсылман жамағатымен кездесу өткізілді. Кездесуге дін өкілдері, саясаткерлер мен оқытушылар қатысты. А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ профессоры Қалқаман Жақып Қазақстан Президентінің барлық Жолдаулары тың идеяларға толы екенін айтты. Іс-шараға "Нұр Отан" партиясының мүшелері де қатысып, сөз сөйледі.
-Мемлекет басшысының барлық Жолдаулары – еліміздің әрбір азаматына арналған стратегиялық құжат. Сондықтан әр адам «Мен Жолдауды жүзеге асыру үшін не істеуім қажет?» – деген сұрақ төңірегінде ойлануы керек,-дейді «Нұр Отан» партиясының Қостанай облысы бойынша филиалының саяси жұмыс кеңесшісі Ерлан Қылышбаев. Бүгінгі аға буын өкілдерінің негізгі мақсаты – жастардың көзін ашып қана қоймай, олардың рухани дүниетанымын байытып, мемлекетшіл, толерантты, ұлтжанды ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру. Егер тереңіне үңілсек, бүгінгі аға буынның ертеңгі арқасүйері – жастар. Сайып келгенде, жастардың бойындағы белсенділік, бастамашылдық – өркендеуіміздің нақты бағдарламасы іспетті.