Сахна ма, сауна ма?

Кеше Ахаң атындағы ҚМУ-дің акт залында жаға ұстатарлық көрініс болды. Алғашқы курс студенттеріне арналып өткізілетін дәстүрлі ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырушылар тым әсірелеп жіберіпті. «Әсірелеп» емес-ау, бассыздыққа жол берген. Киелі сахна төрінде студенттер жалаңаш шапқылап жүр. Бұттарында – лыпа ғана. Орталарына бір қызды қойып алып, есерсоқтана соған қарай киімдерін лақтырады кеп.  DSCF6974Лық толы зал күлкіге қарық. Қиқулап, қошемет білдіруде. Әттеген-ай, жұрттың оларды мазақ қылып емес, «ғажап» қылып күлгені шымбайға батты. Жаңадан келген студенттердің «өнерін» тамашалауға ұстаздардың, дәрісшілердің де қатысатыны айдан анық. Бар болғырлар қалай шыдап отыр екен? Олардың да көңіл-күйлері көтеріліп, бір мәз болып қалды ма екен әлде? Репетиция кезінде естияр ұйымдастырушылар алқасы осы бір сорақы нөмірді сызып тастамағаны несі? Қайран қаласың. Бәлкім, көрермендерді ұйытуға тамаша идея таптық деп қуанған да болар қасқалар. Осы да өнер, осы да өнеге ме-ей?! Қасиетті білім ордасын жын-ойнақ  ортасына айналдыруға жол бергендері – барып тұрған бассыздық! Басқа ештеңе емес… «Әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожалар қайда? Иә-иә, айтпақшы, ҚМУ қазіргі уақытта ректорсыз отыр екен ғой. «Қазаннан қақпақ кеттінің» кебі ме сонда бұл? Осы «өлараны» пайдаланып, ойларына келгендерін істеп алып жатқандары сондықтан шығар, ә? Кім білсін енді…
 
 
(авторы аты-жөнін құпия қалдыруды сұрады)
(Әуесқой түсірілімдегі бейнежазба "Признавашки в КГУ" желісінен алынды)
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓