Жерлестеріміз жеңімпаз
Хоккейден ел кубогін рудныйлық «Горняк» иеленді. Финалдық бәсекеде көкшетаулық «Арланды» тізе бүктірді. Ойын тағдырын шешкен үш шайбыда екінші таймда салынды. «Горняк» шабуылшысы Дмитрий Демьянов кеншілерді алға шығарса, арада алты минут өткен соң, Марко Виртала есепті теңестірді. Бірақ, алысқа ұзатпай Михаил Гаврилов жеңісті шайбыны соқты.