Жеңілдетілген автонесие: бағдарлама жалғасады

Осы аптада екінші деңгейлі банктер жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдай бастады, деп жазады 24.kz тілшісі.Мой фильм 14 пайыз авто машина.avi_snapshot_00.21_[2015.05.15_12.05.38]Бұл мақсатқа Үкімет биыл 8 млрд теңге көлемінде қаржы бөлген. Бұған дейін екі траншпен бөлінген 26 млрд теңге қаражат толық игерілген.
«Бұл бағдарламаның мемлекет пен банк жүйесінің және нақты жеке кәсіпорын арасындағы ынтымақтастықты нығайтқанын айтады сала мамандары. Жалпы өткен жылы отандық автоөндіріс саласы үшін табысты жыл болды. Елімізде құрастырылған 19 мыңнан астап автокөлік сатылған. Бұл 2016 жылмен салыстарғанда 54%-ға  артық. Мамандар биыл да көлік сатылымы кемінде  25%-ға  ұлғаяды деп болжап отыр.  
– Осы жылы отандық автоөндірісте өркендеу болады деп сенеміз. Яғни сатылым көлемінің артуына экономикалық негіз бар. Ол ең алдымен макроэкономикалық тұрақтылық. Сондықтан Қазақстанда құрастырылған танымал брендтердің сатылымы 60 мыңға жуықтауы мүмкін, – «КазАвтоПром» одағы басқармасының төрағасы Олег Алферов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓