Тақырыпқа тұздық болған тапқырлық
«Автокресло деген осы. Болмаса көлікке тіркейміз де жүре береміз». Әріптесіміз Қыдырбек Қиысханұлының «Жаңа заңға» берген жауабы. Әлеуметтік желіде (ФБ-ны – Фейсбукты айтамын) ең көп түсініктемелерді жинаған Қыдыекеңнің ФБ-дағы парақшасында әркім әртүрлі пікірлерін жеткізіпті.
Соған бей-жай қарай алмаған біз бірнеше адамдардың пікірін беруді жөн көрдік. Әрі осы тақырыпты жан-жақты қозғап, МАИ қызметкерлерінен сұхбат алған авторымыздың әңгімесі газеттің өткен сандарында жарық көргендіктен біз Қыдыекеңнің тақырыпқа тұздық болған тапқырлығына пікір қалдырған ФБ-дағы жандарды сөйлетелік.
Жұматай Кәкімжанов әріптесіміз бүй депті: «Көлік иелеріне қуанышты хабар!!!» Иә, айтса айтқандай-ақ! Бұған Саят Сұлтанаев та қарап қалмай: «А че вариант!» деп орыс тілінде ойын жеткізіпті. Тағы бір пікірлес, ниеттес Денис Кириченко деген: «Интересно это фото сделали гайцы или тот кто придумал» деп аласапыран күй кешеді. Альбина Капаровада қалыс қалмай: «я , конечно , так детей не посажу, просто мне понравился этот демотиватор» деп Қыдекеңнің тапқырлығына сүйсінеді. Рустам Бакубаев есімді азамат та Альбинаға қосыла кетеді. Гулжазира Шакуова «Ой ужас какой» деп алақанымен бетін басады. Гүлбану Саликина «Жоқтан бар жақсы» деп медеу тұтса, Бақытжан Жакеев «Базар жоқ, братан!» деп Қыдекеңді қостай жөнеледі. Қайыркелді Руспаев есімді азамат «Екі есе айып пұл төлейсіз!» деп шыр-пыр болып, жанашырлық танытыпты. Самат Панов: «Во как креативно! И бустер и санки!» деп ризашылығын жасырмаса, Қанат Жумагул: «Трансформер деген автокресло осы-ау деймін» деп аң-таң болады.
Міне, осындай іспетті жүздеген пікірлерді жинаған әріптесіміздің «керемет тапқырлығын» «tengrinews.kz» ақпараттық сайты «Казахстанец в шутку предложил использовать сани вместо детского автокресла» деген мақала жазып, «Жаңа заңдағы» «жаңалықты» жырлаған Қыдекеңе ризашылық білдіріпті.
Ал, біз заң шығарушы халық қалаулыларына Қостанайда Қыдырбектей тапқыр жігітті келесі заң шығарарда естен шығармаса дейміз әзілмен!
Нұрболат Мешітбаев
Тапқырлығы бәтшәғардың тапқырлық екен! Нұрболат осындай мақалаларды жиі жазып тұршы… Оқиық… Пікір айтайық…
Табылған ақыл…
Табылған ақыл…