Америкадан алтын келді!
Торғай топырағынан шыққан талантты суретші Ренат Елубаевтың картиналары Америкадағы көрмеде жоғары бағалынып, алтын медальмен марапатталды. Сүйінші хабарды ести сала, кейіпкерімізбен телефон арқылы сұхбаттастық.

Халықаралық көрме Америка Құрама Штатының Нью-Йорк қаласында өтті. Аталған көрмеге АҚШ, Канада, Аргентина, Колумбия, Эквадор, Ұлыбритания, Франция, Германия, Израиль, Чехия, Қытай, Макао, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдерден екі мыңға жуық қылқалам иелері қатысқан. Әлемдік деңгейдегі төрешілер жерлесіміздің өнерін ең үздік деп тауып, алтын медальмен марапаттады.
Суретші Ренат Елубаев Белоруссияда өткен «Куршинале – 2015» халықаралық өнер олимпиадасында да «Сурет өнері» аталымында бас жүлдені алған болатын. Сондай-ақ, халықаралық "Шабыт" шығармашыл жастар фестивалінің, өзге де көптеген қылқаламшылар додасының лауреаты екенін айта кеткен жөн.


Қымбат Досжанова