Түнгі мезгілде ішімдік сатқаны үшін…
Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, Арқалық қалалық соты түнгі мезгілде ішімдік сатқан сатушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Әкімшілік іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 1 тамызында 23 сағат 20 минутта Арқалық қаласындағы азық-түлік дүкенінің сатушысы азаматша А. сатып алушы азамат Х.-ға бір шөлмек алкогольдік ішімдік сатқан. Осылайша, қоғамдық орындарда алкоголь өнімін өткiзген сатушыға әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 200-бабының 3-бөлігімен кінә тағылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 19 820 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қарлығаш ОСПАНОВА