15 жастағы қыз суға батып кетті

Қайғылы оқиға 29 мамырда сағат 17:15 шамасында Рудный қаласында болған. Қыз бала Тобыл өзеніне Парковая көшесімен түсетін жағалауға шомылуға барған.
ТЖД жедел құтқару жасағы (4 адам, 1 жүзу құралы және 1 техника) суға батып кеткен 2007 жылы туған жеткіншектің денесін сағат 19.15-те жағаға алып шықты.
«29 мамырда шомылуға құрбыларымен келген. Бұл учаскеде суға түсуге рұқсат етілмейтіні туралы белгі бар», –  дейді департаменттің баспасөз қызметі.
 Қостанай облысының ТЖД мамандары келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:
– қоршау (буйка) белгілерінен тыс жүзбеңіз, тамақтанғаннан кейін және алкогольдік масаң күйде бірден шомылмаңыз;
– бейтаныс жерлерде суға түспеңіз, көпірлерден, бөгеттерден, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден суға секірмеңіз;
– тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз;
– шомылу кезінде камераларды, доптарды, тақтайларды пайдаланбаңыз;
– балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓