Мерейлі отбасы – ел болашағы
Студент сөзі латын тілінен аударғанда «ынтамен оқушы, ізденуші» деген мағынаны білдіреді. Албырттық шағымен қоса, өміріне азық болар білімін алып жүрген жастар. Небір қызықты сәттер мен бестік үшін талай кітапхана есігін тоздырған жандар. Университет қабырғасындағы әрбір күн – кез келген студенттің бақытты дәуірі. "Бірде бар, бірде жоқ, бірде аш, бірде тоқ" жандардың жатақханадағы тіршілігі өз алдына бір хикая.
Ал, оқу-біліммен қатар отбасы қамын ойлап жүрген студенттің жағдайы мүлдем басқа. Оның өзіңдік қызығы бар.
Сондай студенттердің бірі ҚМУ-де дәріс алады. Ванга Қарымсақова ГӘФ-нің, филология мамандығының 4 курс студенті. Бүгінде аяулы ана, адал жар атанған Ванга құрдастарынан еш қалысқан емес. Сүйкімді сәбиін ерте жүре көп ұстаздың көзайымына айналып, жақсы бағаларды да алып жүр. Түзде – ел қатарлы шәкірт, үйде – инабатты келін.
Ванга сүйіктісі Ерболмен мектептен бері бірге. Екеуі алғаш Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауында танысыпты. Мектепті бітіріп, жоғарғы оқу орнына түскеннен кейін, Ванга мен Ербол шаңырақ көтерді.
Жас ана Ванганың жағдайына ҚМУ ұстаздары да түсіністікпен қарап, көп жерде қолдау білдірген. Құрсағында қызын көтеріп жүрген кезде сабағына көмектескен ұстазадарына алғысы шексіз оның. Құрбы-құрдастарына табандылықтың үлгісін көрсетіп, қалыспай білім алып жүр.
Шағын ғана отбасының ұйытқсы болып отырған Ванга кішкентайы Аружанды көрсе барлық қайғы-мұң мен шаршау мен шалдығуды ұмытатынын айтады. Жолдасы Ербол да азаматтығына сай қолдау көрсетіп, сүйеніш болып жүр.
Биыл дипломын алып, мамандықтың жемісін көру нәсібін күтуде. Қалаған жұмысына орналасып, Ерболға қол ұшын созуды армандайды. Жастайынан қос қызметті қатар алып жүруге машықтанған Ванга құрбымыз әлі талай асудан асып, үлгілі отбасыға айналарына сенімді.

Кенже ҚОНЫСБАЙ