Жұмыссыздық мәселесі біртіндеп шешілуде
Жалпы, Сарыкөл ауданында биылғы жылдың 1 қарашасына дейінгі жұмыссыздардың саны – 127 адам, соның ішінде жастардың саны – 54.
Жұмыссыздық мәселесін шешу барысында "Жұмыспен қамту жол картасы–2020" мемлекеттік бағдарламасы мол мүмкіндік берді. Айталық, аталмыш бағдарлама аясында өңірде жұмысқа қамтылған 29 жасқа дейінгі жастардың саны – 114 адамды құрады. Ал уақытша жұмыс орнына жолданғандар – 58 адам. Тиісінше, тұрақты жұмыспен қамтылғандар – 21 адам.
Жалпы, жыл басынан бері "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы" КММ жұмыс-қа орналастыру сауалы бойынша – 575 адам келген, соның ішінде – 150-ден астамы жастар. Бірақ, солардың ішінде жұмыс іздеген – 501 адам жұмыспен қамтылған, олардың – 122 жас сарыкөлдіктер.
Ал жастар тәжірибесімен әлеуметтік жұмыс орындарына – 19 адам жіберілген. Сарыкөлдік Инна Юдина да жолдамамен жұмысқа орналасқан жандардың қатарында. Қазіргі таңда өз ісінің білікті маманы Сарыкөл ауданы нотариусы Әлия Қожахметованың қол астында сәтті еңбек етіп жүргеніне 4 айдан асыпты.
– Өз ісім өзіме өте қатты ұнайды. Осы салада жұмыс істеуді кішкентайымнан армандадым. Бала күнгі арманыма қол жеткізген жастар тәжірибесі бағдарламасының мен үшін алар орны зор, – дейді жұмыспен қамтылған жас маман.
Руслан
ӘЛКЕЕВ
Сарыкөл ауданы.