Волейболшы Ақмарал

9 сыныпты бітірген соң осы саладан танбай дене шынықтыру факультетіне колледжге оқуға түсті. Болашақта жаттықтырушы болады. Ал әзірге жаттығу, жаттығу.
– Спортпен шұғылдануға әбден үйреніп ал-ғанмын. Өкініштісі қазақ қыздары қатарымызда аз. Мектепте жүргенімде бимен де, спортпен де айналыстым. Болашағымды да осы саламен байланыстырғым келеді. Қатар құрбыларыма айтарым, спортқа жақын болайық, – деп қысқа да нұсқа қайырды Ақмарал. Сөзден гөрі іске жақын екені көрініп тұр. Ендеше жарқын келешек тілейміз саған, волейболшы Ақмарал.