Жастық шақтың жарқылы

Келешекте ел тұғырының  беріктігін сақтайтын да, болашағын баянды ететін де   жас жеткіншектеріміз емес пе. Сондықтан  олардың білімді, тәрбиелі, елін-жерін, халқын сүйетін азамат болып өсуі-қазіргі кезде қоғамның басты мәселесі. Осы бағытта облысымыздағы бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарып отырған жұмыстары айтарлықтай. Соның бір  мысалы ретінде  Қостанай қаласындағы №4 орта мектебінде облысымызға, елімізге танымал аймақтағы «Ровесник» педагогикалық отрядымен бірлесіп өткізген «Жас ұлан- жаңа ұрпақ көшбасшылары» атты коммунарлық жиылымды айтуға болады.

DSC_0206

– Еліміздегі бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы негізінен Елбасымыздың бастамашылығымен құрылған-ды. «Жас Ұлан» – өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухты қалыптастыратын ұйым.  Қазіргі кезде  ақпараттық ағынның жан-жақтан ағылып тұрған кезеңінде өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру басты мақсатымыз емес пе.  Сондықтан да  үлкен ұйымның өңірлік  филиалында өз халқының тілін, мәдениетін, тарихын  біліп өскен  балалар мен жеткіншектеріміздің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру, танымдық жұмыстарға ынталандыру, олардың  зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік  дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, біз үлкендердің міндеті. 

DSC_0183

Ал, енді қазіргі  ұйымдастырылып отырған іс-шарада  «Жас ұланның» жас  белсенділерін бүгінгі заман талабына сай қалай жұмыс істеу қажет, балалар мен жасөспірімдердің соны идеялары мен бағдарламаларын, жобаларын қалай жүзеге асыруға болады деген мәселелерге үйрету. Мүмкін келешекте осы  балалар мен жасөспірімдеріміз ел тұтқасын ұстар. Президентіміздің мықты мемлекет болу үшін білімділікке ұмтылып, көшбасшы болуға үйретіп,  мемлекетіміздің жеткен табыстарымен, жетістіктерімен қуанып,  балалар ұйымдарын құру деп айтқан  ой-пікірі  бүгінде өңірімізде  нақтылы іске асып отырғандай,-деді облыстағы  бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Марина Қазкенова.

DSC_0189

   Коммунарлық жиылымда «Ровесник» педотрядының вожатыйлары  «Командамен  жұмыс істеудің қандай әдіс-тәсілдері бар?», «Жеке тұлғаны  қалыптастыру үшін  не істеу керек?»  деген тақырыптада  тренингтер өткізді. Өздерінің вожатыйлық машықтану мен жұмыс істеу әдістерімен, білімдерімен таныстыра отырып,  әр түрлі мәдени шаралар мен ойындарды өткізу, ұйымдастыру барысында   қандай ойын мен оқыту технологияларын қолдану керектігі жөнінде өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.  Сонымен бірге  «Жас ұлан» балалар-жастар қозғалысын дамыту жөніндегі  жұмыс тәжірибеміз республика  деңгейінде  алдыңғы қатарда  екендігін айта кеткеніміз жөн.

DSC_0332

 
Гүлназым САҒИТОВА
 
                                                                                                 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓