Жәрмеңке жалғасын тапты

Қостанайлықтар үшін әдеттегідей ауыл өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Екінші рет өткізіліп отырған жәрмеңкеге қойылған тауарлар пышақ үстінен бөлініп әкетілді.

IMG_3864

 Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жиылған жұрттың қарасы қалың болды.Жәрмеңкеге қала маңындағы елді мекендерден арнайы келгендер де бар. Нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан бағаға сатылған азық-түліктің мол қорын қамдап алуды жөн көрген. 

IMG_3858

Қостанайлық тауар өндірушілердің өнімін сатып алушылар қатарында отбасылы кісілер ғана болған жоқ. Ашөзек студенттер де көзге шалынды. Әмияны жұқа жастар да азық-түлікті арзанға осы жәрмеңкеден алып кетуге келіпті.

IMG_3857

 Мәселен, Ақтөбеден келіп осында білім алып жүрген  Дәуренбек  жатақханада тұрады. 1 курста оқиды.  Азын-аулақ ақшасына айлық талшығын алып кетуге келген. Ескерте кетейік, жәрмеңке әр сенбі сайын жалғасын тауып отыратын болады. 
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓