Әлеуметтік сауалнама – өмір шындығының айғағы
«Қостанай таңы» газеті оқырмандар көңілінен шығуда. Жерлестеріміздің көкейіндегі сауалдарға жауап, мәселелар түйнінің шешімін газет беттерінен, ғаламтордағы сайтынан табуға болады. Ал редакция жанында құрылған әлеуметтік зерттеулер орталығының саулнамалары мен талдау нәтижелері тілшілердің тақыптарына арқау болып жатыр.
Кез келген адам ғаламтордан, теледидер мен радиодан өзінің талғамына қарай қажетті ақпаратты ала алады. Сұранысқа ұсыныс лайықты болу үшін ақпарат көздері арасында да талас пен тартыс жоқ емес. Оқырман көңілінен шығу, оның жадында жүрген мәселенің түп төркіні анықтап, ашу үшін сол оқырманмен тікелей байланыс орнату қажет дейді «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков журналистермен болған баспасоз мәслихатында.
Осы мақсатта өткен жылы Қостанай облысы әкімдігі мен ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Қостанай таңы» редикциясы халықпен кездесулер ұйымдастырып, редакция жанындағы эмперикалық әлеуметтік зерттеулер орталығымен сауалнамалық талдау жүргізілген еді. Арнайы топ облыстың 16 ауданы мен 7 ауылын аралап шықты. Ауыл тұрғындары газет беттерінен қандай тақырыпта мақалалар оқығысы келетіндігі туралы пікірлерімен бөліскен. Көпшіліктің тілек, өтініштері ескерусіз қалған жоқ. Газетте «Бас редактор әлемі» айдары мен «Қостанай ақшамы» қосымшасы пайда болды. Әр оқырманның талғамына, жас ерекшелігіне қарай саралап, сұрыпталған ақпарат алуға кең мүмкіндік туды.
Сонымен қоса, газет өз оқырмандары арасында «Домбыра думан», жергілікті ақындар арасында журналистер күніне орай «Мүшайра» ұйымдастырып, қостанайлықтардың рухани тәрбиесіне үлес қосты.
Облыс аумағын аралап, сауалнама жүргізу барысында өңір азаматтарының әлеуметтік жай-күйі, өмірге деген көзқарастары айқындалды. «Қостанай таңы» редакциясы ЖШС сауалнамалық зерттеу орталығының жетекшісі Анжелика Ткаченконың айтуынша, сауалнаманың бір сұрағын тарқату барысында екінші бір мәселенің ұшы шығып, одан әрі терең зерттеулер жүргізуге тура келген жағдайлар көп кездескен. Айта кету керек, елімізде тек «Қостанай таңы» газетінің жанында осындай орталық қызмет атқаруда.
Мемлекеттік тапсырыспен қостанайлықтардың саясатқа деген көзқарастары, құқық қорғау органдарына қаншалық сенім артатындығы экстремизм мен терроризм тұрғысында зерттеулер жүргізілген. Нәтижелері тапсырыс берушілер қызметінің сапасын арттырып, мәселенің түп төркінін шешуге септігін тигізері сөзсіз.
Махаббат Бекбай