“ӨМІР, ҚЫМБАТСЫҢ МАҒАН!”

Дәл осы тақырыпта М.Хәкімжанова атындағы №20 мектепте дөңгелек үстел болып өтті. "Жол ашар" республикалық акциясы бойынша балалардың мәселелеріне қоғамның тұрақты назарын аударып, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің мүддесінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша әр түрлі құрылымдардың, қоғамдық, халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және басқа әлеуметтік топтардың күшін біріктіру жайлы сөз қозғалды. Шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жансая Бақытбекқызы мен жантанушы Әйгерім Сафина жүргізіп отырды.

IMG_1121

 Дөңгелек үстелдің басты қонағы «Үміт-Надежда» қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Аруна Жақсағұлова "Жол ашар" акциясының маңыздылығын алға тартты.
– Адам өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті, шынайы қарым-қатынас жасауы тиіс. Бүгінгі алмағайып қоғамнан мүмкіндігі шектеулі жандарды шеттетпеу үшін мемлекетіміз көп игілікті істер атқаруда. Әр адамның өмірі махаббат пен мейірімге толы.

IMG_1127

 Мүмкiндiктерi шектеулi оқушылардың құрдастарымен төзімділік қарым-қатынастарды құру, әлеуметтік-маңызды істерді ұйымдстыру үдерісінде жастарды біріктіру мақсатында біраз шаруалар жасап жатырмыз. Халықаралық «Кедергісіз болашақ!» автошеруі, тоғыз жыл қатарынан аталып келе жатқан жаңажылдық шаралар, арбадағы би жарыстары осының дәлелі.

IMG_1116

Дөңгелек үстелге мектеп оқушылары белсене атсалысты. Аруна Рахметуллақызы оқушылардың жалпы өмір жайлы, бала психологиясы хақындағы қойған сұрақтарына жауап берді. Мысалы, "өмір ұзақтығымен өлшенбейді, мазмұнымен өлшенеді дегенді қалай түсінесіз?" – деген сауалға: –  Қамшының сабындай ғана бес күндік ғұмырды мән-мағыналы қылып өткізу абзал. Оған қазақтың бағына біткен "аққан жұлдыздарымыз" Шоқан, Сұлтанмахмұттар дәлел болады. Сондықтан да өмірді қастерлеуіміз қажет, – деп жауап берді.

IMG_1117

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамда шығармашылық пен өнер арқылы әлеуметтік бейімделуі жайында бейнеролик те көрсетілді. Айналасындағыларға жылулық сыйлап, мейірімділік білдіріп, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмегін аямай, қолдау көрсетіп жүрген «Үміт-Надежда» қоғамдық  ұйымына №20 мектеп ұжымы атынан алғыс хат табыс етілді.

cbzadt-Hh2I

 
 
Қасқырбай Қойшыманов
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓