ҮНДІ СЕРИАЛЫН КӨРМЕҢІЗШІ
Осы мен біздің қоғамның үнді сериалдарын қалай тамашалап, қызығып көретініне, оны қалай қабылдайтынына таңғаламын. Бала кезде сол Үндістанның көркем фильмдерін өзіміз де көрдік қой. Кейін есейе келе туынды желісінің фантастикаға, қиялға толы екенін біліп, қарауды қойдық. Бір сарын еді ғой оқиғаларының желісі – басты рөлді сомдаушы, яғни, болашақта тұтас бір империяны күйрететін бала ата-анадан айырылып, ана жер, мына жерде қаңғып жүріп өседі. Есейе келе, халықтың қамқоршысы, бір елдің қаһарманы болып шығады әлгі бейбақ.
Көбіне осы жағымды рөлді Митхун Чакраборти сомдайтын. Ал оны әке-шешеден айырған ана бір көзі қанталаған, алабажақ – Амриш Пури естеріңізде шығар? Митхун ондай жан алғыштардан қорықпайды. Фильмнің ақыр аяғында жалғыз өзі жүріп, кезінде отбасын ойрандаған үлкен мафияның «тас-талқанын» шығарады. Сол арада әкесімен не анасымен тірідей табысады. Қарап жүрмей, өзіне қалыңдық тауып алады да, мұратына жетеді. О, әлгі қарасирақтың төбелесін айтсаңызшы, шіркін! Қаһарына бір мінсе болды, қарсы келгендерді қолын көтермей жатып-ақ жалп еткізуші еді ғой. Жұдырығын «сілтегенде» бір емес, қатарынан бірнеше адам допша ұшатын. Акробатикалық трюктерді қалай жасайды, ә? Биік-биік дуал, қоршау дегендеріңіз оған түк те емес, орнынан секірген бойда айналып-айналып келіп, аяғымен дік етіп алдыңызға тұра қалады. «Қашса құтылатын, қуса жетіп алатын», өзі сері, өзі әнші, өзі жойқын күштің иесі Митхунға талай бозбала еліктеп еді. Бәрі жалған екен.
Үнді киноларын қойып, енді телехикаялары жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптады. Жақында ғана ұзақ уақыт от атқылап, лапылдап барып әрең дегенде сөнетін жанартау құсап «Келін» туындысы аяқталып, біраз көрерменінің көңіл-күйін түсіріп тастаған еді. Бірақ отандық телеарналар сериалқұмарларын жабықтырып алған жоқ – тағы бір көп сериалы оқиғаны аудара сала ұсынып жатыр.Бірақ Үндістанның тұрмысы, салты, әдет-ғұрпы біз көргендей емес, әлдеқайда сорақы екенін біле тұра, оның кинотуындыларына ынтықпыз. Жуырда «Travel and Adventure» арнасынан біз мақтап отыратын ел жайында түсіріліген арнайы репортаждан кейін жағамды ұстадым.
Әлгі бағдарлама түсіру тобының Үндістанның қасиет тұтатын Ганг өзені аймағына сапарынан басталады. Бір кезде сюжет ана дінсіздердің өлген адамды өртейтін ғұрпына ауысты. Тітіркендім, жиіркендім, құсқым келді. Тілші де бір жүрек жұтқан екен, жергілікті ел жасайтын ырым-жырымдарды жасап, олармен бірге адам қарауға жиіркенетін лай, лас, арам Ганг дарияға жуынғаны былай тұрсын, крематорийге барып, сол жердегі жұмысшылармен бірге адам өртегенін көргенде, шошынып қалдым. Ганг өзенінің суын жергілікті халық «қасиетті» деп ішіп те жатады, оған өлген адамдарын ағызып та жатады.

Тіпті, экологтар мұнда шомылудың өзі қауіпті десе де, жуынатындар азаяр емес. Жұқпалы ауруларды жұқтырып жатады. Яғни, өзенде энтеробактериялардың мөлшері жоғары. Соның салдарынан жылына дарияға шомылған жүздеген адам дүниемен қоштасып жатады. Айтпақшы, биылғы жыл басында Ганг өзенінен 102 мүрде табылыпты. Оларда дәстүр бойынша тұрмыс құрмаған бойжеткендер мен тақуалардың мәйітін өртемей, өзенге ағызып жіберуге рұқсат бар екен.
Қалалары қоқыстан көрінбейді. Адам да, сиыр да, құс та араласып кеткен. Тірліктері адам төзгісіз. Ал крематорийге келсек, ол адам мәйітін өркениетті елдердегідей жабық пештің ішінде өртемейді. Дала, жан-жағы ашық, өзен жағасы, маңайынан жұртшылық ағыл-тегіл өтіп жатыр. Адамдар өлген туысын ақ кебінге орап, сол жерге алып келеді де, қоя салады. Ал қалған шаруа жұмысшылардыкі. Ар жақта тау төбе отын үйіліп тұр. Содан бір-екі құшақ әкеп, жерге адам бойындай етіп тізіп қояды. Мүрде сол ағаштың үстіне жатқызылады да, беті тағы ағаштармен жабылады.

Ана көздері қанға толған алабажақ, қап-қара ұсқынсыз жалшылардың түрінен шошисыз. Мәйітке біреудің ата-анасы, аға-бауыры деп қарап тұрмайды – қолына іліккенін өртейтін ағаш үстіне лақтыра-лақтыра салады да, астына от қоя береді. Шаруа бітті. Отын үстіне гүрс етіп түскен өлген адамның бастары жарылып, ішкі құрылыстары қозғалмай ма – қарақұстан, ауыздан, мұрыннан кеткен қан да, ми да, қан аралас сұйықтық та жанып жатқан ағаш үстіне аққан кезде енді бықси бастаған от көк ала түтін болып, жер-көкті қоңырсытып жатыр. Айналасы бір үйдің ауласындай аумақтың барлық жері осындай өртенген адам мүрделері. Іс мұнымен біте қоймайды тағы. Әбден жанып болған мәйіт күлге айналады. Енді сол әлі суып үлгермеген ыстық күлді жұмысшылардың бір тобы тегенелермен көсеп-көсеп өзенге тасумен жүр. Оны бірден суға төге салмайды. Бір-бірден сумен шайып-екшейді. Күлді суға елеп-екшеген сайын өлген адамнан қалған алтын-күміс тістер, басқа да бағалы әшекей-бұйымдар тегеш түбінде қалып жатыр. Жұмысшы қандай да бір қымбат зат тапса, оны қожайынның қолына тапсырады. Қожайын дегені – сол судағы қайық үстінде қолшатыр тосып теңкиіп жатқан біреу. Не керек, кешкісін әлгі шетелдік тілші басқа жұмысшылармен бірге күні бойы адам мүрдесі жанған түтінге тұншыға жүріп, крематорий аумағына отын жеткізіп, өлгендерді өртеп, мәйіттен қалған күлді тасығаны үшін 300 рупий (қателеспесем 5 АҚШ доллары) жалақы алды. Жарайды, журналист сол 300 үнді ақшасына қарап қалмаған шығар, бірақ осы қаражат сол елдің тұрғындары үшін әжептәуір табыс екен.
Қажылыққа барып келген бір ағамыз бірде мынадай әңгіме айтып еді. 2000 жылдардың басында ол кісі Алланың қалауымен қажылық парызын өтеп келді. Сол ұлы сапарда ағамызбен бірге аз ғана әжелеріміз де болған екен. Ұшақ Жидда қаласына қонады. Ол шаһарға әр мемлекеттен мұсылмандар ағылып жатыр дейді. Сол арада қасиетті Меккеге кетеміз деп күтіп отырғанда, ағамыз алыстан бір таныс ту көтеріп келе жатқан адамдарды байқап қалады. Үндістанның туы. Оларды әжелер танып та отырмаған сыңайлы. Жақындаған кезде түрлеріне қарап шошып кеттім дейді қажы ағамыз. «Әлдебір ұлтты түріне қарап кемсітіп отырған жоқпын. Бірақ аналардың сиқы кәдәуілгі қапастан шыққан сияқты – сидиған арық, көздері тостақтай, ұсқынсыз. Сосын әжелерімізге қарап, «Осы сіздер үнді киноларын көп көруші едіңіздер ғой, мына азаматтар сол Үндістаннан» деген екен, әжелеріміз сенбепті. «Жоқ, олар келбетті, шырайлы келеді» деп. Қайдан білсін, киноға өң-реті келісті актерлерді таңдап алатынын.
Әдетте теледидардан қызықты хабарлар қарайын деп, ақтарып отырғанда, көп арнаның көрсететіні үлкен түбектің телехикаясы. Өсек-өтірік, біреуді алдау-арбау, тор құру, жала жабу. Үлкен мен кішінің айқасы, бай-кедейдің тайталасы. Бәрінен режиссер де, актер де, оны көретін біздің көрермен де төзімді екен, бір ғана өте шығу керек оқиға тұтас бір серияға ұласады ғой. Көздері шарасынан шыға жаздап жасаурап, егілген бейбақтар. Бітпейтін бір үрей, қорқыныш. Оған сарнаған музыка қосылғанда, миыңды тесе жаздайды. Кәдімгі тұтылып қаласың. Психикалық-моральдық жеп қояды. Түңілдіріп жібереді.

Онсыз да еліктеу синдромымыз асқынып тұрған уақытта үнді телехикаяларының бұлайша қаптап кеткені жақсылыққа апармайды, ағайын. Үндістан біз үлгі алатын ел емес. Сериалдарын көрмеңіздерші.
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ