Науырзымның қарбызы қайда?

Бұрындары сатылымнан Науырзымның тәтті қарбыздарын көретінбіз. Көпшілік жергілікті жемістің дәмін аңсап, піскенін күтетін. Соңғы уақытта, байқаған боларсыздар, саудада тек оңтүстік өңірдің жемістері басым. Ал жергілікті жасыл жолақты тәттілер көзден бұл-бұл ұшты десе де болады. "Неге Науырзымның атақты қарбыздары сатылымда жоқ?" деген сауалдың жауабы мынада жатыр екен:

арбуз

Науырзым ауданында қарбыз егетін жалғыз кісі болған. Әбілжан Абаев деген ақсақал Өлеңді ауылында бау-бақша салған. Ол кісінің қарбызды егу технологиясы да өзгеше екен. Ауылдастары ақсақалдың керемет бау-бақша салып, қарбыздары да ерекше болатынын айтады. Бүгінде көзі жоқ болса да ұрпағы бар. Бірақ әке ісін жалғастырмаған.
–Ақсақал сол бар білгенін ешкімге үйрете қоймады. Тұқымын баптап, керектерін сонау Өзбекстаннан алдыртатын. Қазір бұл шаруашылық тұралап қалды. Қарбыз егілген жер бірнеше жыл демалуы қажет. Бір жағынан жаңбыр керек. Сондықтан бүгінде аз көлемде ғана қарбызды егетіндер бар. Ал бұрынғыдай сатылымға шығарып, арнайы айналысатындар жоқ, – дейді аудан әкімі Талғатбек Даиров.
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓