Доллар 250 теңгеге көтерілді
Бұған дейін 220-ға дейін төмендеген АҚШ валютасы қайта қауқар таныта бастады: 250 теңгеге көтерілді. Курстық құнының құбылуы ағымдағы айдың 16-17-не қарай белгі береді деп күтілген еді. Өйткені аталған валюта иелері бұл уақытқа дейін доллардың пайыздық мөлшерлемесін бекітеді делінген болатын. Алайда кенеттен тағы құбылып салды. Сарапшылар доллардың күшеюі барлық әлемдік экономикада қаржылық массаның кемуіне, несиелердің қымбаттауына әкеп соқтыратынын алға таруда. Кесіп айтуға әлі ертерек – қыркүйектің соңғы ширегінде доллардың алдағы ахуалы жайлы нақтылы жауаптар жарияланбақ.