Ізгі ниетпен…
Таран. Аудандық мәслихаттың депутаттары «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» атты республикалық жобасы аясында қаржылық қор құрған-ды.
Жоба жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынасыз қалған балаларға әлеуметтік жағынан бейімделуі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Міне, осы қор арқылы партияның аудандық филиалында маслихаттың депутаттары жаңа оқу жылында бірнеше оқушыға ерекше сый-сыяпат жасады. Депутаттардың ерекше сыйы сол- Анар Жаксымбекова, Алексей Кариков, Владислав Мудрый, Ольга Ненахова, Ирадель Скутельник Халық банктің аудандық филиалында мемлекеттік білім беру жинақтау қорында жинақтау есебін ашып берді.