Табыстың кілті – еңбекте
Алтынсарин. Ауданда “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасының арқасында кәсіптің көзін тауып, шағын бизнеспен айналысушылардың қатары артып келеді. Мәселен, өткен жылы 4 кәсіпкерге 98 млн.700 мың теңге көлемінде қолдау көрсетілген екен. Нәтижесінде, ұлттық киімдер тігетін тігін цехы, шағын баспахана сияқты халыққа қажетті әлеуметтік жобалар іске қосылған.
Ал, биыл аталған бағдарламаның арқасында “Шалыгин В.М” жеке кәсіпкерлігі нан өнімдерін шығаратын цех ашып отыр. Күніне 3 мың бөлке пісіретін наубайхана аудан жұртшылығын ас атасымен толық қамтып отырған көрінеді.