Қашар кентіне – 40 жыл

Биыл Қостанай өңірі үшін мерекелі де, берекелі жыл. Облысымыз өзінің 80 жылдық мерейтойына әзірленіп жатса, қазыналы қойнауы бар Қашар кентіне 40 жыл толып отыр. Бұл тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, шағын қалашықтың тұрғындары үшін ауқымды өзгерістер кезеңі екені сөзсіз.ССГПО - въезд в Качар
«Википедияға» сенсек, Қашардың тарихы одан да тереңде жатыр. 19 ғасырдың басында ауыл іргесіндегі көлдің шығыс жағалауын Орта жүздің Шаңдыаяқ тайпасы қоныстанған көрінеді. Алпысқа тарта түтіні бар елді мекенде бір мектеп пен мешіт жұмыс істеп, жергілікті халық егін және мал шаруашылығын кәсіп қылған. 1930 жылдары жаппай ұжымдастыру басталғанда тұрғындар көршілес жатқан Андреевка мен Федоровкаға көшіп кетеді де, ауыл қаңырап бос қалады. Тек 1975 жылы геологтардың барлау жұмыстары нәтижесінде бұл жерде темір кенінің орасан мол қоры анықталып, оны игеруге Кеңес Одағының түпкір-түпкірінен мыңдаған мамандар келеді. Осылайша, 1976 жылы Рудныйдан солтүстік-батысқа қарай 43 шақырым жерде, Қашар кен орнының жанынан шағын қалашық бой көтереді.IMG_9130
качар2Бүгінде Қашар әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша өзі іспетті қалашықтардың бәрін басып озды. Халықтың да тұрмысы жаман емес. Мұндағы 12 мың тұрғынның 3 мыңы «ССКӨБ» АҚ Қашар кен басқармасында, қалғаны мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік кәсіпорындарда жұмыс істейді. Соңғы жылдары мемлекеттік тілде білім беретін орта мектеп, спорт кешені, мешіт пен православ храмы, балалар алаңдары мен автотұрақтар салынып, қаланың сәулеті сәндене түсті. Бұдан бөлек, күнделікті көшелерді тазарту, көгалдандыру мен абаттандыру ісіне жүздеген адам жұмылдырылған.IMG_9124
Күн санап көркейген кенттегі барлық бастамаларға – жаса әкім Марат Қуанышбаев ұйытқы. «Әкім бол, халқыңа жақын бол!» деген қағиданы берік ұстанған ол халықтың көкейіндігіні көзсіз ұғады.
– Кез келген адам таза ауамен тыныстап, өркениеттің барлық игіліктерін көргісі келеді. Бүгінде біз көшелерді жарықтандыру мәселесін толығымен шештік. Қазір әр үйге көгілдір отынды жүргізіп жатырмыз. Сәтін салса, қыркүйек-қазан айларында тұрғындар табиғи газды тұтына бастайды. Бұл тұрғындар үшін 40 жылдық қарсаңындағы үлкен сый болды. Ендігі мәселе – жолдар. Оны да алдағы 1-2 жылдықта толығымен жөндеуді жоспарлап отырмыз, – дейді әкім.IMG_9127
Кеншілердің құтты мекенінде қоғамдық-мәдени және спорттық іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Атап айтсақ, жыл сайын қазақтың ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, соның ішінде «Қашар барысы» турнирін өткізіп тұру тамаша дәстүрге айналған. Ұлттық мерекелерді тойлауда қазақы салт-дәстүрімізді дәріптеп, мемлекеттік тілдің кең қолданысқа енуіне барынша жағдай жасалынған. «Юность» мәдениет үйінде болса, 300-ге тарта адам қатыстырылған түрлі клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді. «Жүректен–жүрекке» атты жастардың қайырымдылық қозғалысы да құрылып, көптеген игі іс-шаралардың басы қайырылды.1
– 30 шілдеде Қашар кентінің 40 жылдығын кең көлемде мерекелеуге дайындалып жатырмыз. Бұл күні «Домовой» тұрмыс үйі мен Даңқ ескерткішінің аралығында бұрын-соңды болмаған үлкен сахна қойылып, жергілікті және Ресейлік өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Сауда нүктелері мен түрлі интерактивті алаңдар халықтың көңілінен шығады деп ойлаймын. Мереке есте қаларлық отшашумен аяқталады, – дейді Марат Серікбайұлы.ССГПО - Качарский карьер, экскаватор и самосвал на погрузке
Қашардың болашақтағы дамуы мұндағы қазба байлықтарына тікелей байланысты екені даусыз. Мамандардың есептеуінше, бүгінгідей өндіріс көлемі сақталатын болса, темір кенінің қоры кем дегенде 100-150 жылға жетеді. Яғни жас қаланың болашағы, бағындырар биігі әлі алда.
 
Қуаныш Есқабыл,
Рудный қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓