Қостанай. Облыс орталығындағы барлық сауда нүктелерінде қант бағасы өсті. Осыған дейін бөлшек саудада 179 теңге тұрған қант қазір 190 теңгеге сатылуда. Бірақ, мұның бензин бағасының көтерілуіне қатысы жоқ деп хабарлады облыстық ауылшаруашылық басқармасының мамандары.