Апта бойы ауа райы тұрақты болады
«Қазгидрометтің» хабарлауы бойынша, облыс аймағына тамыз айында салқындық әкелген солтүстік-батыстық циклон өтіп, енді жаймашуақ ауа райы қайта басталады. Ауа температурасы апта аяғына дейін күндіз 25-30, түнде 10-15 градусқа дейін жылынады. Тіпті облыстың оңтүстік аймақтарында сынап бағанасы күндіз +35, түнде +20С-қа дейін көтерілмек. Жалпы, мамандар қыркүйек айының жылы күндері басым болатынын айтып отыр. Тек айдың соңғы онкүндігінде ауа райы құбылып, әсіресе, түнгі ызғарлар күшейе түсетіні болжануда.