«Ойыншықтар хикаясы-4» көрерменге жол тартты

Қостанайда "Өзіңнен баста" жобасы аясында мемлекеттік тілде дубляждалған 30-шы фильмнің тұсаукесері өтті. "Ойыншықтар хикаясы-4" "Болашақ" корпоративтік қоры және "Меломан" компаниясының мұрындық болуымен тәржімаланған.https___blogs-images.forbes.com_scottmendelson_files_2019_03_ts4_antique_payoff_4_1s_v19.0_mech10rev-1
Жобаның басты мақсаты – Қазақстан азаматтарына әлемдік студиялардың контентін өз ана тілінде көруге қол жеткізу. 2011 жылдан бері  Алматы қаласының әкімі, «Болашақ» корпоративтік қоры кеңесінің  құрметті мүшесі Байбек Бауыржанның қолдауымен іске асырылып келе жатыр.
«Ойыншықтар хикаясы-4» анимациялық фильмі «Зодиак»  кинотеатрында  көрерменге жол тартты. Іс-шараға  100-ден аса адам қатысты, олардың ішінде шығармашылық зиялы қауымның өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері болды.
-Әлемдік деңгейдегі туындыларды қазақ тілінде тамашалайтындай деңгейге жеткенімізге қуаныштымын. Бұл әлеуметтік жоба бірнеше жыл қатарынан іске асырылып келе жатыр. Қостанай облысы мәдениет басқармасымен бірлесіп, бірнеше тұсаукесерлер өткізілді. «Ойыншықтар хикаясы» баршаға мәлім сұранысқа ие туындылардың бірі. Дубляжға «BI Group» компаниясы демеушілік жасады. Одан бөлек, «Өзіңнен баста»  жобасы ivi.ru және megogo.net онлайн-кинотеатрларымен тығыз жұмыс істейді, аталған онлайн-кинотеатрларда дубляждалған барлық 30 фильмді жақсы сапада қазақ тілінде көруге болады, – дейді Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.
Жобаның арқасында бүгінде 100-ден астам отандық актерлар «Walt Disney Pictures» дауыстық базасында тұр. Қазақ тілі атаған компанияның тарихында түрік тілінен кейін 39-шы және «Sony Pictures» үшін 7-ші орынға жайғасты. Шығыс Еуропа мен ТМД елдері үшін шығарылатын Blue-Ray-да (күйтабақ) көру үшін қолжетімді голливудтық фильмдердің 7 негізгі  тілдеріне кірді.
– Іс-шараға Қостанай облысы, әкімдігі, «Ruhani  zhangyru» жобалық кеңсесі, сонымен қатар «Nur Otan» партиясының «Жас Отан » жастар қанаты қолдау көрсетті. «Болашақ» корпоративтік қоры – қайырымдылық және ерікті қызметті қалыптастыруға ықпал ететін, коммерциялық емес ұйым. Қордың «Әр бала мектепке лайық», «Өзіңнен баста», «Қысқы қайырымдылық балы» сынды жобалары – сапалы білім алуға, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға тең мүмкіндітерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді, – деді «Болашақ» қауымдастығының мүшесі Азамат Божақов.
 «Ойыншықтар хикаясы-4» анимациялық фильмінің сюжеті бойынша астронавт Базз Лайндер, ковбой Вуди Аллен, Слинки иті және олардың барлық достары бірігіп, естен кетпес күндерді асыға күтеді. Эндидің колледжге оқуға түскеннен кейін
ойыншықтар жаңа қожа­йыны Бонни есімді кішкентай қыздың қолына түсіп, өмірлері күрт өзгереді. Боннидің балабақшаға баруының алғашқы күні жаңа қызықты оқиғаларға тап болып, басқа ойыншықтармен танысып, талай шытыр­манды бастан өткереді.
Анимациялық трилогиядан шыққан дебюттік фильм алғаш рет 1995 жы­лы экранға шықты. Егер алғашқы үш фильмін хал­қымыз орыс тілінде қараса, төртінші бөлімін екі тілде тамашалай алады.
 
Әсел ҚИБАШ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓