Бас шырша шамы жарқырады
Қаламыздың орталық алаңында жаңа жылдық бас шыршаның шамдары салтанатты түрде жағылды. Қала тұрғындары да мерекелік іс-шараға көптеп жиналды. Сондай-ақ, салтанатты жиынға Қостанай қаласының ұжымдары мен оқу мекемелерінің өкілдері қатысты. Қала тұрғындарын келе жатқан Жаңа жылмен Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов құттықтады.–Жаңа жыл мерекесі қарсаңында біз дәстүр бойынша қаланың орталық алаңында бас шыршаны жағамыз. Өтіп бара жатқан 2021 жыл еліміз үшін оқиғалар мен жетістіктерге толы болды – біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өттік. Алдағы мереке ерекше, отбасылық мереке. Біздің балалар сыйлықтар мен тосынсыйлар, ғажайыптар күтеді. Жаңа жыл – әр отбасына жылулық әкелетін, көңілге үміт пен сенім ұялатып, шапағат пен шаттық, мейірім мен ізгілік сыйлайтын ғажайыпқа толы мейрам! Әр отбасына бақыт, жақсылық, сәттілік және амандық тілеймін, – деп атап өтті Қайрат Жұмашұлы.Қала әкімінің құттықтау сөзінен кейін бас шыршаның шамдары жарқырады. Жылдағы дәстүрге сай, бас шырша жанында мерекелік қойылым көрсетіліп, Аяз ата мен Ақшақар және ертегі кейіпкерлері қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Әсіресе кішкентай балалардың қуанышында шек жоқ. –Мен мұнда ата-анаммен және кішкентай ініммен келдім. Маған мерекелік шырша қатты ұнады. Себебі, мұндай биік шыршаны алғаш көріп тұрмын, – дейді мектеп оқушысы Нұрдәулет Жангелді.
Мерекелік шырша сәндік шарлармен, динамикалық гирляндалармен иллюминациямен және анимациялық суреттермен, жарықдиодты элементтермен безендіріліпті.
Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.
Мерекелік шырша сәндік шарлармен, динамикалық гирляндалармен иллюминациямен және анимациялық суреттермен, жарықдиодты элементтермен безендіріліпті.
Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.
Әсел ҚИБАШ,
Суреттерді түсірген Б.АХМЕТБЕКОВ.
Суреттерді түсірген Б.АХМЕТБЕКОВ.