Параны әкімдік ғимараты маңында алған

Қостанай қалалық №2 соты ғимаратында шаһардың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов пен оның орынбасары Мақсұт Қалиев және олармен сыбайлас болды деп айыпталған Леонид Васильев, Сергей Биктибаев, Гагик Овнаняндарға қатысты сот отырысы өтіп жатыр.IMG_3670
2014 жылы Қостанай қалалық құрылыс бөлімі автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беретін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын салу туралы электрондық сатып алу конкурсын жариялаған. Байқау қорытындысы бойынша «Сыл» ЖШС жеңімпаз танылып, 826,6 миллион теңгеден астам қаржының келісім-шарты жасалады.горакимат
Бұрынғы қала әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиев ірі көлемдегі параны «Сыл» серіктестігіне тендерді ұтып бергені үшін делдалдық жасап, сыйақы ретінде алған. Ол ірі көлемдегі қаражатты тікелей шаһар басшысы Ахмедбек Ахметжановтың нұсқауымен алып келіпті.
М.Қалиевтің Г.Овнаняннан алған алғашқы «үлесі» 10 млн. теңгені құраған. Кәсіпкер шенеунікке ақшаны тура қалалық әкімдік ғимараты маңына әкеліп қолына ұстатқан. Келесі 15 млн. теңге пара да облыс орталығы басшысы ғимараты сыртында берілген. Тағы бірде неке сарайы маңайында «сыйақы» жасалыпты. загсОсылайша кейде 10, кейде 14, 15 миллиондап ақша тасып келген «Сыл» ЖШС директорынан жиналған заңсыз қаражат 74 миллион теңгеге жеткен. Ахметжанов соманың 54 миллионын өзі алып, қалған 20 миллион теңгені орынбасарына қалдырыпты.
 
Қыдырбек Қиысханұлы,
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓