Құтқарушылар акцияға атсалысты
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Мектепке жол» атты республикалық қайырылымдық акциясына қатысты. Ағымдағы жылы әлеуметтік бағыттағы бұл бастамасы «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен өткізілуде. Ауқымды шараның басты мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектепке дайындау ісіне атсалысу.
Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың көмегінің арқасында өткен жылы облыста аталған санаттағы 190 215 балаға 1 млрд.159 млн. тенгеден артық сомаға көмек көрсетілді. Акцияның әлеуметтік маңыздылығын, қоғамдық игі іс екендігін ескере отырып төтенше жағдайлар қызметкерлері Қостанай қаласындағы №20 орта мектебінің 8 сыныбында оқитын Жанар мен Жанел Төребаеваларға көмек көрсетті.Оларға мектеп құралдары мен мектеп формасын алып берді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ