Тәртіптік кеңесте ескерту беруді ұсынды

2015 жылғы 2 қазанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінде тәртіптік кеңестің кезекті отырысы  болып өтті. Отырыста облыстық білім басқармасының басшысы  Әлия  Төртқараеваға қатысты тәртіптік іс қаралды.

IMG_2692_новый размер

Тәртіптік кеңестің кезекті өткен алдыңғы отырысында білім басқармасы жетекшісінің орынбасары мен бөлім жетекшісіне заңды және жеке  тұлғалардың құқықтарын іске асыру және  олардың өтініштерін беру және қарауға байланысты жұмыс барысы мен мерзімін,  ҚР мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін бұзғандығы үшін сөгіс берілген-ді. Және де облысымыздағы  республикалық «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы Бірінші медиа орталықтың» филиалы  осы білім мекемесінің жетекшісі Ә.Төртқараеваға білім саласында сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес стратегиясы  қалай жүзеге асырылып  жатқандығы туралы сұқбат  алуүшін  жіберілген  сауал  жауапсыз қалады, себебі білім   басқармасының жетекшісі кезекті  еңбек демалысына кетіп бара жатып, ол  сауалдарды  орынбасарына тапсырады.  Нәтижесінде медиа орталығы  білім  басқармасының жетекшісінен, я орынбасарынан  сұқбат та,  сол сұқбатқа байланысты  жазбаша  жауап та ала алмайды.
Тәртіптік кеңес  мүшелері алдында енді сол мәселеге  байланысты облыстық білім басқармасының жетекшісі Әлия Төртқараева жауап берді. 

IMG_2639_новый размер

Сонымен, үстіміздегі жылғы 1 шілдеде облысымыздағы  республикалық «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бірінші медиа орталығы» білім саласындағы сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес  Жоспарды орындау бойынша телевизиялық сұхбат беруді сұрайтын өтініш жіберілгені анықталды. Басқармада өтінішті ұйымдар арасындағы хат алмасу ретінде тіркеген. Іс-қағаз және мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдардағы құжат айналымының нұсқаулық ережелеріне, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін тіркеу Ережесіне сәйкес, аталған өтініш заңды тұлғаның өтініші ретінде тіркелуі тиіс еді. Алайда,  Ә. Төртқараева жоғарыда айтылған тапсырмаларды орынбасарына тапсырған да өзі кезекті еңбек демалысына 7 шілдеден бастап кете барған. Демалыста жүргенде  белгіленген заңның тәртібі бойынша  әлгі  өтінішке жауап берудің мерзімі өтіп кетеді. Мемлекеттік органның басшысы ретінде аталған өтінішпен жұмыстың ұйымдастырылуын қадағаламаған.
   Кеңес барысында  білім жетекшісі Әлия Төртқараева өзінің 7-24 шілде аралығында  кезекті еңбек демалысында болып, сұқбатты дер кезінде медиа орталығына  бере алмағандығын, алайда, демалыстан шыққан соң 7 тамызда  кездесіп  уәделескенімен, қайтадан ол кездесуді  6 тамызға ауыстыруын сұрап хабарласқандығын,  бірақ   4 тамызда облыстық  ішкі саясат басқармасының  өтініші бойынша журналистермен брифинг өткізгендігін, ол брифингке медиа орталықтың келмегендігін, әйтседе орталықтан сұрақтарын сұратып жазбаша жауап бергендіктерін  айтты.
      Осындай  облыстық білім  жетекшісінің жауабын тыңдай келе, тәртіптік кеңестің мүшелері білім жетекшісі заңды және жеке  тұлғалардың құқықтарын іске асыру және  олардың өтініштерін беру және қарауға байланысты жұмыс барысы мен мерзімін,  ҚР мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін бұзып отырғандығын, білім саласының шенеуніктері  нысаншылдыққа жол беріп отырғандығын, басшы тарапынан  бақылау мен  жұмыс тәртібін ұйымдастыруда босаңсылықтың бар екендігін жеткізді.  Сол секілді кеңес мүшелері мемлекеттік органда мемлекеттік қызметші лаузымында болғандықтан  жауапкершілікті сезініп,  белгіленген заң нормасында жұмыс жасау қажет дейді.   Тәртіптік кеңес Қостанай облысы әкіміне  Ә. Төртқараеваны  жауапқа тартуға яғни ескерту  беруге  ұсыныс жасады.

 

Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓