“Арқа ажары – Арқалық”

12 маусымда "Қостанай таңының" кеншілер қаласындағы күндері өтеді Арқалық – арқаның арайлы қаласы. Арқалықтың өзге қалалардан өзгешелігі оған 16 ауыл қарайды. Қанатты металл-боксит кенінің мол көзінің табылуының нәтижесінде дүниеге келген қала. Арқалық – ғарыш айлағы. Ғарышқа сапар шеккен ғарышкерлердің алғаш табан тірейтін жері. Сол үшін де ол әлем ғарышкерлері үшін өте ыстық. Ақселеулі далада тың көтеріліп, алтын астық жайқалды. Арқалықтың жоғары сортты астығы мол сұранысқа ие. Төсінде төрт түлік өріп, төскейі малға толған жер.
– Ғазиз Ерболатұлы, Арқалық дегенде жалындаған жастық шақтың еске түсетіні анық. Комсомол жастардың қолымен тұрғызылған қала талай шаттықты шақтарды бастан өткерді ғой.
аким – Арқалық бүгін де жастықтың қаласы. Бір институт, бес колледж білім іздеген мыңдаған жасты қанатының астына алып, білім нәрімен сусындатып отыр. Жастар армандарын бір арнаға тоғыстырған қала өтпелі кезең қиындықтарын тартқанмен мемлекет қамқорлығының арқасында жарқын болашаққа бой түзеп, еңсесін қайта тіктеді. Кезінде облыс орталығы болған Арқалық әсем ғимараттарын қайта түлетіп, тіршілік-тынысын қайта жаңғырт-ты. Қала халқының саны 2014 жылдың 1 мамырына шаққанда 41 мың 685 адамды құрады. 2013 жылмен салыстырғанда 1,3% (521 адам) өсім бар. Жыл басынан бері 296 нәресте дүние есігін ашты. Бұл өткен жылға қарағанда 12,5% өсімді көрсетеді. Ағымдағы кезеңге дейін өндірілген өнім көлемі 2 млрд. 37млн.
– Қаланың бас жоспары қашан әзір болады?
  – Бүгінгі таңда қаланың бас жоспары әзірленуде. Жақында "Казгипоград" жобалау институтының мамандары: жобаның бас архитекторы Людмила Курганова мен жобаның бас инженері Александр Бурлемов қаланың бас жоспарын әкеліп, қала халқының алдында ақтық талқылау өткізді. Енді, қалалық мәслихаттан өткеннен кейін облыстық мәслихатта қаралып бекітіледі. Бұл өте үлкен жұмыс. Алдағы қыркүйек айында аяқталып, бекуі тиіс. Осы бас жопармен екі жылдан бері жұмыс жүргізілуде. Бұған дейін де осындай бірнеше талқылау жүргізілді. Айтылған ескертпелердің барлығы ескеріліп, қазір бәрі ойдағыдай болды деуге болады. Алдағы 15-20 жылға дейін Арқалық қаласы тек осы бас жоспармен жұмыс істейді. Бас жоспар қала үшін өте қажет жұмыс. Жер телімдерін бөлу, ғимараттар салу үшін бас жоспардың әзірленуі күтілді. Қазір жеке адамдар жер телімдерін көп сұрайды. Бас жоспар 2030-2050 жылдарға дейін есептелген. Желэлектр паркі (10 га), "Нұржайлау – НС" ЖШС қомақты құрылыстар салуға бекінген, Шағын бизнес иелерінің сұрап жүрген жерлері ескерілді. Автомобиль мен теміржол тораптары да назарға алынды. Қала халқына келешекте ауыз суды жері шалғай Қараторғайдан емес (90 км.), қалаға жақын Көктау (30 км.) жерасты суын пайдалануға болады. Оны тіпті тазартып қажеті жоқ. Сапасы өте жақсы. Мұның бәрі халық үшін жасалынып жатқан қолайлы жағдай деп есептейміз. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысындағы өзекті мәселелер өстіп біртіндеп шешілуде. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, құрылыс, өнеркәсіп саласы, инвестициялық жобалардың жүзеге асуы жоғары қарқынмен жүруде.
– Арқалықтың "Ажары" кеткеннен кейін өзінің де "ажары" кетті. Кейінірек ол "Сымбат" деп аталды. Бірақ, бұл атау бұрынғыдай жұртшылықтың көңіліне жата қойған жоқ.
– Орталықтан ойып орын алған бұл ғимараттың орны ерекше. Кезінде халықтың сұранысын өтейтін тұрмыстық үй болған бұл нысанда сағат жөндеу, аяқ киім жөндеу шеберханаларына сұраныс өте зор болатын. Оны ел жақсы біледі. Қалаға келген әрбір жан "Ажарға" соқпай кетпейтін. Ажардың фотосалонында түскен фотосуреттер әр отбасының фотоальбомында сақтаулы екеніне шүбә жоқ. Қанша жылдан бері қаңырап бос тұрған ғимаратқа биыл қайта жан біткелі жатыр. Жан-жағы темір қоршаумен қоршалып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Халық көп жүретін жердің жанданып жатқанына тұрғындар дән риза. Қарсы алдында "Жастар саябағы" жасыл желекке малындырып тұрған жаңа ғимарат сауда орталығына айналады деп күтілуде. Арқалықтың қырық жылдан бері жөндеу көрмеген теміржол вокзалына күрделі жөндеу жүргі-зіліп жатқаны жан жадыратады. Ол өңірде Елбасы Жолдауына сай салынып жатқан "Арқалық-Шұбаркөл" теміржолы құрылысының жемісі. "АБК-Неруд" ЖШС қаладан 45 пәтерлі тұрғын үйді тыңнан салуда. "Алюминқұрылыс" ЖШС 60 пәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізіп, қатар-ға қоспақ. Аталған жұмыстардың бәрі де алдағы жылытылу маусымына дейін іске қосылмақ. Моноқала бағдарламасы арқылы 2013 жылы қалаға 650 млн. бөлінсе, 2014 жылы 1 млрд. 120 млн. яғни, 2 есеге көбейді. Осылайша, Арқалықтың дамуы соңғы 5 жылдықта анағұрлым қарқындап, мүлдем жаңа бағытқа бұрылды. Моноқала – жетекші бағдарлама. Қазба байлығы сарқылған шағын қалалардың өмір сүруі үшін құрылған бағдарлама. Тығырыққа тіреліп, қиындықпен бетпе-бет қалмауы үшін жасалып отырған үкіметтің қамқорлығы. Елімізде қазба байлықтардың арқасында дүниге келген 27 қала бар. Солардың қатарындағы Арқалық қаласының ауылдық мекендерінің бары ескері-ліп, мемлекеттік бағдарламалар көбірек топтастырылған. Мысалы, қаланың өзге тұрғыластарынан артықшылығы "моноқалаларды дамыту" мен "өңірлерді дамыту" бағдарламалары қос жақтап демеу болуда. "Сыбаға", "Бизнес – 2020", Жол картасы – 2020", "Жұмыспен қамту – 2020", "Ақбұлақ", "Тұрғын үй" сынды мемлекеттік саналуан бағдарламалар бір арнада тоғысуда. Оның сыртында өңірде 2 зәкірлі жоба бар. Олар: "Агроинтерқұс" пен "Нұржайлау НС" етті ірі қара мал бордақылау кешені. Бүгінгі таңда құс фабрикасында Жобаның 33,7%, мал шаруашылығында 82,3% игерілді. Өткен жылы Ашутасты ауылы "Тірек ауыл" деп танылды. Мақсат – халық көп шоғырланған ел-ді мекендердің инфроқұрылымын дамыту. Аталған ауылда жа-ңа жылу қазандығы салынып, мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория ортақ жылу желісіне қосылады. Су құбыры тартылады. Тірек ауылдың дамуы көр-шілес "Аққошқар", "Көктау", "Аң-ғар", "Екідің", "Жаңақала", "Қайыңды" ауылдарының еңсе көтеруіне де оң ықпалын тигізбек.
– Әңгімеңізге рахмет.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓