Мектеп бітіруші түлектердің білімі сынға түсті

Биылғы ҰБТ-ге аудан, ауыл, ауылдық округтердегі 15 орта мектепті бітіретін 225 түлектің 130-ы өз еріктерімен сынақ тапсырды. Бұл – барлық мектеп бітірушілер-дің 57,7 пайызы. Жалпы, есеппен алғанда аудан бойынша орташа балл 61,62-ні құрап отыр. Білім сапасы – 15, 38 пайыз. "Алтын белгіге" екі үміткер ҰБТ-да жоғары балл ала алмады.
талапкер
Десек те, оқу үлгерімі – 92,4 пайызды құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда жақсы көрсеткіш. Ы.Алтынсарин орта мектебінінің түлектері Жанна Қасым 117 балл, Мәди Құлетов 115 балл жинады. 100 баллдан жоғары баллды алғаны – 7 оқушы, 50 баллға дейінгісі – 40 оқушы. Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында өрескел жағдайлар мен заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Сынақ сәтті әрі ұйымдасқан түрде өтті.
 
Байбатыр Ниязбекұлы.
Жанкелдин ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓