Үкімет басшысы Қостанайға келді

Бүгін Үкімет басшысы Асқар Мәмин Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. WhatsApp Image 2019-10-23 at 15.56.36Ол іссапары барысында Қостанай үй құрылысы комбинатына барды. Премьер-министр кәсіпорынның өндіріс алаңдарын аралап, арматура, қабырға панелдері, темір-бетон плиталары өндірісімен танысты. Бұл кәсіпорын көп қабатты тұрғын үй, мектеп және өнеркәсіп ғимараттарын салуға қажетті құрылыс материалдарын жасайды. Комбинат жылына 70 мың шаршы метрлік тұрғын үй тұрғызуға жететін темір-бетон бұйымдарын шығарады. Кәсіпорын өнімдері Қостанай облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Талдықорған қалаларына жіберіледі. Сондай-ақ Ресейдің Челябі, Екатеринбург, Түмен, Қорған облыстарына экспорттталады. Қуатты өндіріс ошағы 154 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылардың орташа жалақысы 113 мың теңге. WhatsApp Image 2019-10-23 at 15.56.37

Өңірде тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруда бұл кәсіпорынның үлесі қомақты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, Қостанайдағы “Аэропорт шағын ауданын салуға пайдаланылған темір-бетон бұымдардың дені осы кәсіпорындікі. «Қонай», «Береке» шағын аудандарында салынатын тұрғын үйлерге де “Қостанай-ТББ” өнімдері пайдаланылады.
Толық ақпаратты газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
 
Нұрқанат Құлабаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓