БАҒА, ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
Қазақстанда электр энергиясы тағы қымбаттады. Ұлттық статистика бюросы келтірген мәліметтерге жүгінсек, тариф бір жылда төрттен бірге көтерілген.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша осы жылдың тамыз айында электр энергиясының тарифтері электр плиталары қолданылған жағдайда 100 кВт/сағ үшін 1,5 мың теңге және электр плиталары қолданылмаған жағдайда 1,4 мың теңгеңі құраған. 2020 жылдың тамызымен салыстырғанда бағалар орташа есеппен 24%-ға өскен. Бұл ретте биылғы жылдың басынан бері өсім 19%-дан асты.
II деңгейдегі тұтынушылар үшін тарифтер айтарлықтай қымбаттамады – жыл басынан бері 17,5-18,4%-ға, 100 кВт/сағат үшін 1,8 мың теңгеге жетті. Жылдық өсім шамамен 21%-ды құрады.
III деңгейде өсім жоғары болды: жыл басынан бері – 18,2-19,2%-ға, 100 кВт/сағат үшін 2,3 мың теңгеге дейін көтерілді, жылдық өсім 21,3-22,4%.
Сонымен қатар, өңірлер арасында ең арзан тарифтер тамыз айында Ақтөбе мен Атырауда байқалады – I деңгейде 1 мың теңгеден аз. Бұл ретте Батыс қаланың өзінде 100 кВт/сағат 600 теңгеден кем тұр.
Ең жоғары тарифтер Алматы мен Ақтауда тіркелген – 100 кВт/сағат үшін 1,7 мың теңгеден астам. Астанада электр қуаты 100 кВт/сағ үшін 1,1-1,2 мың теңге тұрады. Шымкентте – 100 кВт/сағат үшін шамамен 1,5 мың теңге.
Ең жоғарғы құнды Қостанай облысының төлеп отырғанын айта кеткен жөн. Мәселен, астықты аймақ тұрғындары электр плитасын қолданбайтын болса, 100 кВт/сағат үшін 1793 теңге төлеуі тиіс. Ал плита тұтынатындар 100 кВт/сағат үшін 1842 теңгеге шығынданады.
Қазақстанда 2021 жылдың соңына дейін электр энергиясы бағасының өсуі болжанып отыр.