Ауа райы алқап жұмыстарын ақсатып тұр

Толассыз нөсер диқандардың жұмысына кедергі келтіруде. Керекті техникаларды егін алқабына шығара алар емес. Бүгінде облыста тек 17%  ғана астық орылған. Биылғы орақ жұмыстарына ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіруі мүмкін деген күдік бар. Ал енді күзгі дала жұмыстарына кейінірек кіріскен оңтүстік аудандарда іс ілгерірек.

егін

 Апта бұрын ғана астыққа орақ салған. Мәреге бұрын жететін түрлері бар. Ал солтүстік аудандардағы ахуал, мамандардың айтуынша, барынша бақылауда ұсталып, еш кедергіге қарамай жоспарды орындаудың жолдары қарастырылады. Диқандар астықты ысырапсыз жинап алу жолында тер төгіп, дала төсінде бел жазбай еңбектену үстінде. 
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓