Күй құдреті

AV6dDSFNqbc

Науырзым ауданы. Орталық кітапханада «Тәттімбеттің тәтті күйлері, Нұрғисаның нұрлы өнері» атты әдеби-сазды кеш өтті. Тәттімбеттің «Балбырауын» күйімен ашылған бұл кешке адам көп жиналды. Қос күйшінің өмірі, туындылары, зор еңбектері жайлы баяндалды. Аты аңызға айналған күйші, композитордың қазақ киносы мен мультипликация саласына қосқан үлесі ұшан теңіз. Кеш барысында Нұраға әуенімен өрлеген, қазақ киносының алтын қорына кірген «Қыз Жібек», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ Құлан» мультфильмінен үзінділер көрермендер назарына ұсынылды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓