Айтылмаған әңгіме
Биыл жарты әлем Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өтті. Жеңіс тойына арналған іс-шаралар әлі де жалғасуда. Мерейтойға орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне барынша сый-құрмет жасалды. Жаңа жыл қарсаңында Елбасының атынан табысталған құттықтау хаттарын қосыңыз. Майдангерлердің ерліктері газет-журнал, телеарналар арқылы айтылып, насихатталды. Қысқасы, ешкім де ештеңе де ескерусіз қалған жоқ. Бірақ… Бірақ біз ардагердің өзгеше өмірін баяндамақпыз. Ұлы Отан сооғысының ардагері Нүркен Жалмұхамедов Жезқазған облысының тумасы. Алты айлығында әке-шешесінен жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген. 1936 жылы Қостанай педагогикалық училищесін бітіріп, арнайы- орта білім алып шығады. Федоров ауданында мұғалім болып жүрген кезінде әскер қатарына алынады. Артынша соғыс басталып, Финляндияның солтүстік шекарасын қорғауға қатысады. Ардагердің 1939-1945 жылдар аралығында бастан кешкен қиындықтарын айтып жеткізе алмаспыз. Оны айтуға құқығымыз да жоқ секілді. Бізге тиесілісі қарияның бүгінгі өмірін баяндау. Ардагер қазір Қостанай қаласында тұрады. Жалғыз емес, кіші қызының қолында. Тоғыз баласы өз алдарына шаңырақ көтергелі қашан. Төрт ұлы жарық дүниеден озып, қыздары ғана қалды. Қарт көңілге балаларының артынан қалған немер-шөберелері жұбаныш.
Майдангерге ҰОС-ның ардагері ретінде баспана берілмеген. Ардагердің балалары үй іздеп есік жағаламады да. Жүріп-тұруы күн сайын қиындап бара жатқан әкені кіші қызы қолына алды. Күйеу баласы мен қызы үйді ипотекаға алғанын айта кетейік.
Былтыр ардагердің үйіне бір топ жергілікті билік өкілдері барады. Басшылар майдангерді бағып отырған қызын әлеуметтік қызметкер ретінде тіркейміз деген. Бірақ әлі күнге еш хабар жоқ.
Майдангердің келіні Зоя Райханқызының айтуынша, биылғы 9 мамыр қарсаңында бейтаныс ұйымнан хабарласып, «Атаны мерекемен құттықтаймыз, ол кісіге не сыйлайық?» деп сұрапты. Сұраққа жауап беру парыз. «Ортопедиялық матрас керек» дегені сол-ақ екен телефонның ар жағындағы бейтаныс «Жоқ, біз ондай бағалы затты апара алмаймыз. Бізге ақшаны аз бөледі» дейді. Әлгілер «Атаның өзі ғана пайдаланатын бір затты айтыңыз» деп табандап тұрып алмасы бар ма. Сонымен ардагерге қан қысымын өлшейтін құрал сыйлайды. Оған қоса екі дорба азық-түлік бар. Келіні Зояның айтуынша, азық-түліктің пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Сондай-ақ шұжық (колбаса), қақталған ірімшікті (сыр) жасы келген кісінің жемейтіні тағы бар.
Нүркен атайдың балалары осы мәселенің соңына түсіп, жаман атты болғысы келмейді. Бар болғаны ардагерлерге шынайы көңілмен құрмет көрсетілсе деген тілек қана.
Мұның бәрі ұсақ-түйек не болмаса жел сөзді қуу демеңіз. Бұл да ардагер өмірінің көлеңкелі тұстары емес пе. Иә, бұл айтылмаған әңгіме.

Қымбат ДОСЖАНОВА