«Серпінге» сенім артқан студенттер
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне оңтүстіктен 450 талапкер оқуға келді. Бұл туралы Білім күніне арналған салтанатты іс-шарада айтылды.
Аталған іс-шара еліміздің Әнұранымен басталды. Әрі қарай университеттің оқытушылары студенттерді жаңа оқы жылымен құттықтады. Оқу орнының өткен жылғы жетістіктері де ұмыт қалған жоқ. Ал биылғы жылдың жаңалығы тіптен ерекше. Аталған университетке «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша 450 талапкер оқуға қабылданды. Университеттің ректоры Асқар Мырзахметұлы шәкірттерді ресми түрде ҚМУ студенттерінің қатарына қосылуымен құттықтады. -Биылғы жаңа оқу жылының өзіндік ерекшелігі бар. Облысымыздың аудан, қалаларынан және республикамыздың әр аймағынан келген студенттер университетіміздің есігін ашқалы отыр. Студенттік шақ адам өмірінің ең қызықты, есте қаларлық кезеңі. Сондықтан әр күндеріңіз ізденіске толы болсын. Сапалы білім алу жолында жасаған еңбектеріңіз ақталсын. Бүгінгі жас мамандардың мемлекетіміздің дамуына үлес қосарына сенемін,-деді ҚМУ-дың ректоры Асқар Нәметов.
«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыру мақсатында қолға алынған болатын. Жаңа жобаның мақсаты- оңтүстік жастарын адам саны аз, жұмыс қолы жетіспейтін солтүстік, батыс, шығыс өңірінде оқытып, болашақта жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті «Серпін» жобасы бойынша оқуға түскен талапкерлерді жатақханамен қамтамасыз етуге және оларды оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастыруға үлес қоспақ.

Қымбат ДОСЖАНОВА