Мемлекет тірегі-отбасы

Анар СӘРСЕНБАЕВА, көп балалы ана:
Отбасы-адам өміріндегі ең қымбат дүние екені белгілі. Үйдің берекесі ер мен әйелдің сыйластығы, татулығымен кіреді. Сондықтан шаңырақтың берік болуына екі жақ бірдей жауапты. 
Халқымыз «Отан-отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Аталы сөздің астарына үңілсек, отбасы және некенің мемлекет үшінқаншалықты маңызды екенін  аңғаруға болады. Яғни, әр қазақстандық отбасының жетістігі тұтас мемлекеттің жеңісі. Еліміздегі әрбір отбасының жағдайы жақсы болса мемлекет те дамып нығаяды, халықтың әл-ауқаты артады.
Қай уақытта болмасын елдің дамуына қоғамдағы 

IMG_1206

отбасының жағдайына байланысты баға берген. Адам өмірі отбасынан басталады және оның азамат ретінде қалыптасуы да отбасында өтеді. 
Халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсартудың негізі ана мен баланы әлеуметтік қорғау. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға барынша мән берілді. Арнайы жәрдемақылар мен әлеуметтік көмек түрлерінің саны артты. Қазіргі жұмыс істейтін әйелдер жүктілігіне байланысты әлеуметтік төлемдер белгілеу үшін өтініш бере алады. 
Өз басым бес баланың анасымын. Көпбалалы ана ретінде үкіметтен 2010 жылы Затобол кентінен баспана берілді. Жергілікті билік балаларыма киім-кешек, оқу-құрал алып беруді де ұмыт қалдырған жоқ. Қазір ұл-қыздарымның үшеуі оқу бітіріп, өз алдарына шаңырақ көтерді. Қолымда екі оқушы балам ғана қалды. Мемлекет қолдауының арқасында бес баламды жеткіздім. Осының өзі ата-ана мен балаға деген мемлекет қамқорлығының жарқын үлгісі емес пе. 
Еліміздің Ата заңына сәйкес отбасы заңның қолдауында болады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында «Неке мен отбасы, ана, әке мен бала мемлекеттің қорғауында; балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-аналардың табиғи құқығы мен міндеті болып табылады»  деп  көрсетілген. 2013 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні болып белгіленді. Бұл күнді Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер тізіміне енгізудегі мақсат қоғамның назарын отбасы құндылықтарын нығайтуға аудару еді.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓