Күн тәртібінде – аударма мәселесі

IMG_7366Мемлекеттік тіл дегенде түсініксіз аударма және қазақ тілді жарнамалардағы қателер көз алдыңа келеді. Мемлекеттік тілде жүргізілетін іс қағаздардың сапасы да сын көтермейді. Осынау мәселелерді болдырмау және алдын алу мақсатында облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен тілдерді оқытудың облыстық орталығы арнайы семинар ұйымдастырды. Іс шараның тақырыбы – "Мемлекеттік органдарда іс қағаздарын жүргізу және аударма мәселелері" деп аталған.
Бір күндік семинар  барысында Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, тәжірибелі аудармашы Ғ.Ахметчин аударманың кейбір мәселелері туралы айтып берді. Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы К.Бимағанбетов "ҚР Тіл туралы заңнамасы" тақырыбында,  облысы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Г.Әбішева "Нормативтік-құқықтық актілерді қазақ тілінде әзірлеу" тақырыбында баяндама жасады. Облыстық мұрағаттың 1-ші санатты мұрағатшысы Ә.Доспаева және тілдерді оқыту орталығы директорының орынбасары Г.Талапова дәріс оқыды. Семинарға қатысушылар өздерінің көкейлеріндегі сауалдарына жауап алып, өзара пікір алмасты. Іс шара соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
– Мұндай семинарды жыл сайын өткіземіз. Мақсаты– аудармашы, іс жүргізуші  мамандарға іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуде  әдістемелік көмек көрсету, нормативтік-құқықтық актілерді қазақ тілінде әзірлеу бойынша кеңес беру. Семинарда мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізудің ережелері және талаптары туралы  айтылды,– деді тілдерді оқытудың облыстық орталығының директоры Жұлдызай Ербатырова.
Қымбат
       ДОСЖАНОВА
Суретте: семинарға қатысушылар.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓