Бүркітбаевтар баспаналы болды

Қашар кентіндегі көп балалы Бүркітбаевтардың отбасында үлкен қуаныш. Демалыс күні оларға қостанайлық кәсіпкер Сабит Жайлаубаев үш бөлмелі пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады. Шиеттей бала-шағамен тоғыз жыл бойы баспана тауқыметін тартып келген Нұрбек пен Назира үшін бұл күтпеген тосын сый болды.IMG_5014
– Балаларымның қуанышында шек жоқ. Бөлек бөлмелері бар. Тұңғышым, әлі де сенбей «бұрынғы үйге қайтып бармайықшы» деп қояды. Бізді қамқорлығына алып, су жаңа баспана беріп отырған Сәбит Ғалымжанұлына, осы істің бастамашысы болған Қашар кентінің әкімдігіне алғысым шексіз, – дейді «күміс алқа» иегері.
Бүгінде отбасында бес бала өсіп келеді. Амандық болса, айы-күні таяған отанасы алтыншысын дүниеге әкелмекші. Нұрбек болса, балаларға берілетін жәрдемақының өскендігі арқамнан ауыр жүк түскендей болды дейді. Өйткені бір ғана мардымсыз жалақымен алты баланы асырау қиыннан қиыстыру екені анық.IMG_4978
Қайырымды істің себепшісі болған «Ермек және К» ЖШС директоры Сәбит Жайлаубаев бұған дейін де Арқалықтағы, Амангелді мен Жангелді аудандарындағы көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшын берген.
– Пәтерді ағайынды Жайлаубаевтар отбасының атынан сыйға тартып отырмыз. Іші қуаныш пен шаттыққа толы болып, балалардың күлкісі кетпесін. Оразада жасалған әрбір қайырлы іс – үлкен сауап. Сол себепті барша мұсылман бауырларымды мейлінше айналасындағыларға жақсылық жасауға шақырамын, – дейді меценат.IMG_5002 (1)
Кілт табысталып, қызыл лента кесілген соң қонақтар үйге кіріп, дастарханнан дәм татты. Игілікті істен жергілікті кәсіпкерлер де құр қалмады. Бірі кілемін, бірі шаңсорғышын және басқа да сыйлықтарын арқалап, отағасын қоныс тойымен құттықтап жатты.IMG_5062
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓