“Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар…”

  Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар оқылық,- деп Ұлы Ұстаз Ыбырай атамыз айтқанындай, қыркүйектің алғашқы күнінде қолымызға шоқ-шоқ гүл алып, қуанышымыз қойнымызға сыймай, енді қана мектеп табалдырығын аттайтын  кішкене ғана тоңпаң қаққан ұл-қыздарымызды, немерелерімізді жетектеп мектепке  барамыз. IMG_0693Үлкен оқушыларымыз болса, ақылына ақыл қосылып, жасына жас қосылып, есейіп, ержетіп бір сыныпқа жоғарлады емес пе.  Қай-қайсысы болмасын мектепке асығулы, өйткені қол бұлғап білім шақырады, күміс қоңырау үні сыңғырлайды.  Білім күніне арналған салтанатты кеш облыс бойынша құшақтарын айқара ашқан  бес жүз отыз тоғыз орта мектебінде де өткен-ді.IMG_0639  Қостанай қаласындағы № 7 орта мектебінде Білім күніне арналған  сондай салтанатқа кешке облыс әкімі Н. Садуақасов қатысты.   Мектептегі салтанатты жиынға келген ата-аналар да, оқушылар да, мұғалімер де, әсіресе  бірінші сыныптың оқушылары да жүздері күлімдеп, көңілдері толқулы. IMG_0638Жиналғандарды білім күнімен құттықтаған облыс әкімі Н. Садуақасов кең-байтақ елімізде соның ішінде біздің облысымызда оқушы балаларымыздың заман талабына сай білім алуларына барлық жағдайдың жасалынып жатқандығын, бүгінгі  заман-білімділер заманы екенін айта келіп,   білікті педагтардан білім алған  оқушылардың қай-қайсысы болмасын талапқа сай білім алып, мамандық иесі атанып, елімізге, Қазақстанға өз үлесін қосатынына сенімі мол екенін жеткізді.  IMG_0661
-Бүгінде облысымызда оқушы балаларымыздың  уақыт талабына сай  білім алуларына барлық мүмкіндік бар. Мемлекет, жергілікті органдар тарапынан білім саласына барлық жағдай жасалу үстінде.  Жылдан-жылға бірінші сыныпқа баратын  бүлдіршіндер саны көбею үстінде.  Осы мектептің өзінде бірінші сыныпқа 129 бала келіп отыр.  Жаңа оқу жылында Қостанай қаласында бес жүз орынды қазақ мектебі ашылады. Қазіргі кезде жаңа мектептегі оқушы саны 407 болса, оған мектепке дейінгі даярлық тобындағы 100 баланы қосыңыз.  Ал, Қостанай қаласындағы №10 орта мектебі мен Алтынсарин ауданы Свердлов орта мектебінде   жаңа  жалпы білім беру бойынша мемлекеттік  стандарттың апробациясы өтеді. Және  республика бойынша соның ішінде біздің облысымызда да 1 сынып оқушыларына  тарту ретінде Президентіміздің «Менің Отаным- Қазақстан» деп аталатын кітабы сыйлыққа беріледі. Сол секілді мектептерімізде  «Өжеттілік» сабақтары өтеді. Мектептеріміз толықтай оқулықтармен қамтамасыз етілді,-деді бізге Қостанай қаласы білім бөлімі жетекшісінің  орынбасары Данагүл Сүйіндікова.IMG_0705
  Білім күніне арналған салтанаттан соң, облыс әкімі мектеп ішін аралап көрді. IMG_07281 сынып пен 11 сыныптың оқушыларымен кездесіп,  жаңа оқу жылымен құттықтады.IMG_0746
 
Гүлназым САҒИТОВА,
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай
    

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓